Атырау облысы, Исатай және Құрманғазы аудандарында 6 мың ірі қарадан ауру анықталды. Қазір алты сиыр өлген деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Ауырған малдың аузынан сілекей ағып, ауыз қуысының шырышты қабығында жаралар пайда болған. Сараптама қорытындысы бойынша жануарларға инфекциялық ринотрахеит диагнозы қойылды.
«Осыған байланысты қазіргі таңда емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Исатай және Құрманғазы аудандарында бүгінгі күні мал басының 80 пайызы сауықты, тағы 500-ге жуық бас емделуде. Жалпы, облыс ішінде мал тасымалдауға рұқсат берілген, алайда көрші өңірлерден мал әкелуге және сыртқа шығаруға әзірге тыйым салынды», – деп атап өтті Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат.
Үш күн бұрын...