АҚШ-тың бірінші ханымы Меления Трамп 9 сәуір күні Ақ үй дәлізінде қаржыгер Джеффри Эпштейн туралы мәлімдеме жасады. Ол интернетте таралған қауесеттерді жоққа шығарды.
Эпштейн құрбаны емеспін
Америка президентінің әйелі Мелания Трамп Эпштейннің құрбаны еместігін айтты. Бұған қоса, бірінші ханым Трамп екеуін қаржыгер таныстырды деген болжамның да өтірік екенін мәлімдеді. Сонымен бірге Мелания Конгрестен Эпштейн құрбандарына ашық тыңдау өткізуге мүмкіндік беруді сұрады.
«Мені Джеффри Эпштейнмен байланыстырған қаңқу сөз бүгін тыйылуға тиіс», – деп мәлімдеді президенттің әйелі. Оның айтқандарын Reuters жариялады.
Бірінші ханым Ақ үй дәлізінде алдын ала дайындалған мәлімдемесін ғана оқып беріп, журналистер...