Игорь Мартынюк- Павлодардағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп оқушысы, қазір 11-сыныпта оқиды. Осы жылы жазда Игорь прокрастинацияны (бойдағы мазасыздық салдарынан маңызды істерді кейінге ысыру) жеңіп, фокусыңды тек бір жобаға аударуға көмектесетін TabAI деп аталатын қосымша дайындады. Яғни интернетте жұмыс істегенде артық контентке назар салмай, тек өз жұмысыңмен айналысуға көмектесетін стартап. Қазір оны 10 мыңға жуық адам қолданады. Игорьдің өзі қолданбасын дамыту үшін 30 мың доллар грант тартқан. Kursiv.Media тілшісі оқушымен тілдесіп көрді.
Nasa ұйымдастырған конкурсқа қатысып, 500 мың теңге алдық
– Игорь, алдымен өзіңді таныстыра кетсең. Бағдарламалауға қалай келдің?
– Қазір мен 11-сыныпта оқимын, жасым он жетіде. Бірақ бағдарламалаумен 14 жасымнан...