Жезқазғандық «өрмекші адам» көпқабатты үйдің терезесінен құлап кете жаздады. Оны полиция қызметкерлері құтқарып алды.
Polisia.kz ақпаратына қарағанда, 6 сәуір күні сағат 22:27-де кезекші бөлімге Росков көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде ер адамның үшінші мен екінші қабаттың арасында ілініп тұрғаны туралы хабарлама түскен.
42 жастағы қала тұрғыны кез келген сәтте құлап кету мүмкін еді. Төменге секіру өте қауіпті. Ал жоғарыға қайта көтерілуге шамасы жетпеген. Уақыт өткен сайын оның күш-қуаты таусыла бастаған.
«Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері жағдайдың күрделілігін бірден бағамдап, жедел әрекет етті. Үшінші қабаттағы пәтердің есігін ешкім ашпаған соң, олар төменгі қабаттағы көршілер арқылы көмек...