Сенбіде ел аумағында қайтадан күн жылынып, кейбір өңірлерде қар аралас жаңбыр, ал кейбірінде жаңбыр жауады деп күтілуде. «Қазгидромет» 8 қарашаға ауа райы болжамын ұсынды.
Астанада көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел екпіні 15-20 м/с., түнде ауа температурасы -4-6°C, күндіз 0-2°C. Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, үсік жүреді, жел 3-8 м/с., түнде температура +3+5°C, күндіз +6+8°C. Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел екпіні 15-20 м/с, түнде ауа температурасы +4+6°C, күндіз +11+13°C. Ақтауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с., түнде ауа температурасы +5+7°C, күндіз +13+15°C. Ақтөбеде көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 7-12 м/с., түнде ауа температурасы -1+1°C, күндіз +4+6°C. Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз...Жаңалықтар
Павлодарда салынып жатқан мектепте құрылыс конструкциялары қирағаннан кейін, жаңа ақпар пайда болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, үйінділердің астында 1967 жылы туған ер адам болуы мүмкін. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жатқызылды.
Павлодар облысының полиция департаменті оқиға фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғады.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу жүргізілуде», – деп толықтырды өңірлік полиция.
Оқиға орнында жедел штаб, өңірлік ТЖД күштері үйінді арасында қалған азаматты шығаруға тырысуда. Оны іздеу үшін адам денесінің жылуын сезетін арнайы құрылғылар қолданылуда.
Оқиға «Казахстанская правда...
Қазақстан мен Nvidia қуаттылығы 100 МВт болатын 2 млрд долларлық жасанды интеллект тәуелсіз орталығын құрады. 7 қарашада АҚШ-та қазақстандық Freedom Holding Corp. америкалық компаниямен тиісті келісімге қол қойылды. Келісімді Тимур Турлов, Nvidia және Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жасасты.
Freedom Holding Corp. негізін қалаушы әрі негізгі акционері Тимур Турлов Орталық Азия аймағындағы инновацияларға берік негіз барын айтты.
«Біз Қазақстанның жасанды интеллекттің әлемдік ландшафтындағы позициясын нығайтуға бағытталған осы революциялық бастаманың бір бөлшегі болғанымызға қуаныштымыз. Біздің тәжірибемізді Nvidia озық технологияларымен және министрліктің стратегиялық қолдауымен біріктіре отырып, жасанды интеллект саласындағы инновациялар үшін берік негіз құруға және бүкіл...
«Қайрат» футбол клубының және Қазақстан футбол құрамасының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен Қазақстан бокс құрамасының мүшесі, екі дүркін Әлем чемпионы Аида Әбікеева «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Тиісті құжат Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтында жария болды. Әбікеева мен Сәтпаев «Спорт» номинация бойынша үздік атанған. Бұдан бөлек, мемлекеттік сыйлыққа лайық деп танылғандар арасында белгілі әнші Еңлік және виоленчелист Бағжан Октябрь бар.
Мемлекеттік сыйлық жалпы «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Спорт», «Театр және кино» , «Эстрада», «Журналистика», «Халық шығармашылығы», «Қоғамдық қызмет», «Әдебиет», «Классикалық музыка» номинациялары бойынша беріледі.
Айта кетейік, бұған дейін Дастан Сәтпаевтың Қазақстандағы ең қымбат футболшы атанғанын...
Үкіметте 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы талқыланды. Бағдарлама Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау және олардың жағдайын қамтамасыз ету бойынша барлық қолданыстағы және жоспарланатын шараларды біріктіреді. Кеңес премьер-министрдің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевтың төрағалығымен өтті.
Бағдарламаны әзірлеу президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің IV Ұлттық құрылтайдың қорытындысында берілген тапсырмасы бойынша жүргізіледі. Құжатты Оқу-ағарту министрлігі бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, парламент депутаттарымен және азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп дайындады.
Бағдарлама өскелең ұрпақтың мүддесі үшін жүйелі, тұрақты және дәйекті мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін негіз болады.
Жобаны дайындау барысында мемлекеттік органдар балалардың құқығы мен мүддесін қорғау саласындағы қолданыстағы бағдарламалық, нормативтік және стратегиялық құжаттарға талдау...
Әлемге әйгілі әншілер Shakira мен Beyonce Қазақстанға қашан келеді. Бұл туралы Әсел Қожақова сұқбат берген «Астана концерт» продюсері Мәлік Хасенов айтып берді.
Хасеновтің айтуынша, Қазақстанға әлем танымал 13 әртіс келуі мүмкін. Олардың арасында Eminem, Shakira мен Beyonce бар. Алайда бұл әншілердің Қазақстанға келуіне бір кедергі лайықты концерт залының болмауы.
«60 мыңнан көп адам жиналатын концерт алаңы болуы керек. Біздің елде қазір ондай мүмкіндік жоқ. Алматыдағы Республика алаңына өткізуге болар еді, бірақ ол жерде де біраз қиындық туындайды. Сондықтан алдағы уақытта Алматыда салынуы тиіс стадионды асыға күтеміз», – деді Хасенов.
Оның айтуынша, стандион дайын болса...
Павлодарда салынып жатқан ғимарат құлап, соның салдарынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық құтқару қызметіне сілтеме жасап.
Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға туралы хабар 7 қарашада сағат 17:04-те келіп түскен. Оқиға Қазправда мен Мақатаев көшелерінің қиылысында болған. Бұл жерге бірнеше жедел жәрдем бригадалары мен апатты медицинасы орталығының мамандары жіберілді.
Бір адам үйінділердің астында қалғаны белгілі. Тағы екі адам орташа жарақат алып, №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы нақтыланады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің өңірлік департаментінде құлау фактісі расталды, алайда ТЖ нақты не салынғанын және қандай жағдайда болғанын нақтыламады. Қосымша ақпарат кейінірек айтылады.
Ақмола және Павлодар облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар маңызды автожол жабылады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қазавтожол ақпаратына сүйенсек, 2025 жылғы 07 қарашада қарлы боран соғып, жол айқын көрінбегендіктен республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Ақмола облысы:
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі, яғни Астана қаласынан Павлодар облысына дейінгі жол жабық.
Павлодар облысы:
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы» автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі, яғни Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі жол жабылады.
Айта кетейік, жол ертең, яғни 08 қараша...
Ләйлә Сұлтанқызының анасы Ұлтусын Әбдиева жыл сайынғы Журналистерге арналған «Үркер» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Бүгінгі марапаттау рәсімінде Ләйлә Сұлтанқызының анасымен бірге жүргізетін LStories подкасты «Жылдың үздік подкасты» номинациясын жеңіп алды.
«Бір жағынан қуанып, бір жағынан ұялып тұрмын. Қызым алыста Оксфорд университетіне кеткен. Көптеген жақсы отбасылармен танысып, жақсы жандармен жүздесіп, жақсы ақпар алып, оларды біз көрсеттік. Қазақ өзі үлкенді сыйлап, отбасын сақтаған халықпыз. Жастап отбасын сақтаңыздар, балаларды қорғаңыздар», – деді Ұлтусын Әбдиева.
Бұл подкасттан бөлек, өзге де журналистер бүгін марапатқа ие болды. Айта кететін болсақ:
Ең үздік жаңалықтар порталы – «Адырна» ұлтты...Еgovpress телеграм-арнасында Жеңістің 80 жылдығына орай шыққан банкнотқа қатысты даулы видео пайда болды. Онда азаматтың ақшасын айырбастау пунктінде қабылдамай тұрғаны көрсетілген.
«ҚР Ұлттық Банкі жаңа банкнотпен бірге жаңа қиындық шығарып отыр», – делінген видеоның түсіндірмесінде.
Банкнотты қабылдамаса не істеу керек?
Ақшаны қабылдамағаны жөнінде видео тарағаннан кейін Kursiv.media тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне хабарласып, осындай жағдайға тап болған азаматтар не істеуі керектігін сұрады. Ұлттық банктегілер мұндай жағдайда азаматтар аумақтық филиалдарға шағым қалдыруға болатынын айтты.
«Тек шағым жазған кезде нақты қай жерде қабылдамай жатқанын көрсету керек. Видеоға...
Марат Әйтенов бұрынғы әйелі Дана Әтешовамен медиативті келісімге келді.
Айта кетейік, Марат Әйтенов – Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы.
2024 жылы Марат Әйтенов пен Дана Әтешова арасында дау туған. Әйтенов бұрынғы әйелін үйден көшіру кезінде қол көтерген. Содан кейін екеуіне де бір-біріне «дене жарақатын келтірді» деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды.
2025 жылдың қарашасында Дана Әтешова әлеуметтік желіде видео жариялап, бұрынғы күйеуімен сотта келісімге келгенін жазды.
«Сотта мүлікке қатысты медиативті келісім бекітілді. Қос тараптың да шешімге реніші жоқ. Алимент бойынша келісімге келген жоқпыз», – деп жазды әйел.
Әйгілі «Сақиналар әміршісі» триологиясының спин-оффында кейіпкер Гендальфті қайта көре аламыз. Британдық актер Иэн Маккеллен рөлін қайта сомдайтынын растады деп жазады The Daily Mirror.
«Келесі жылы Орта жерге қайта оралып, Гендальфтың рөлін ойнамақшымын. Тоқтайтын ойым жоқ», – деді ол басылымға берген сұхбатында.
«Сақиналар әміршісі» фильмінің спин-оффы (негізгі жобадан бөлініп шыққан туынды бағыт – ред.) «Сақиналар әміршісі: Голлумға тұзақ» деп аталады. Түсірілім келесі жылдың мамырында Жаңа Зеландияда басталады. Режиссері – Энди Серкис. Фильмге Гендальфтан бөлек хоббит Фродо Бэггинстің рөлін сомдаған актер Элайджа Вуд та оралады.
«Сақиналар әміршісі» (ағылш. The Lord of the Rings) – ағылшын жазушысы Дж...
Nissan 2025 жылдың алғашқы жартысына арналған қысқаша қаржылық есебін жариялады. Компания ірі көлемде шығынға ұшырап, жылдың екінші жартысына арналған болжамын төмендетті. Қаржылық жағдайды тұрақтандыру жолдарының бірі ретінде Nissan Иокогамадағы штаб-пәтерін сату туралы шешім қабылдады.
Жапон концерні кеңсе ғимараты мен оның жер учаскесін сатты. Бұл жылжымайтын мүлік 97 млрд иенге (643 млн доллар) бағаланды. Компания бұл мәміледен таза табыс ретінде 74 млрд иен алды. Түскен қаржы өндіріс орындарын жаңғыртуға және Re:Nissan стратегиясы аясындағы басқа да шараларға бағытталмақ.
Компанияның жалпы қаржылық ахуалына келсек, қазіргі уақытта Nissan-ның таза шығыны шамамен 222 млрд иенді (1,4 млрд доллар) құрап отыр. Былтыр дәл осы...
Қашаған кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауыты 2026 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі. «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Әлібек Жамауов айтқан.
«Зауыт құрылысы 2026 жылдың соңында аяқталады», – деді ол «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің отырысында.
Жамауовтың сөзінше, нысан құрылысы белгіленген кестеге сай жүріп жатыр. Қазір жобада шамамен 2 мың жұмысшы мен маман еңбек етіп, 330-дан астам арнайы техника тартылған.
Ірі көлемдегі жабдықтар орнатылып, іргетас құю жұмысының басым бөлігі аяқталған. Қазіргі кезде металл құрылымдарын тұрғызу, резервуарлар жинау және технологиялық жүйелерді жалғанып жатыр.
Жоба...
Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылуына байланысты мәлімдеме жариялады.
«Бұл маңызды шешім тек Қазақстан мүддесі үшін қабылданды және республиканың теңгерімді, сындарлы, бейбіт сыртқы саясатының сипатына толық сәйкес келеді. Авраам келісімдеріне қосылу еліміздің барлық мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді, яғни Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына толық сәйкес», – делінген шақым мәлімдемеде.
Бұған қоса СІМ Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымын тағы бір мәрте қайталап өтті.
«Қазақстан әрдайым Таяу Шығыстағы қақтығыстың халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ тиісті қарарларына және «екі халық үшін екі мемлекет» қағидаты негізінде әділ, жан-жақты әрі орнықты реттелуін қолдайды».
Қырғызстанда жыл сайын 2,5 мың адам арақтан өледі. 200-ден астам адам ауруға шалдығып, денсаулығын құртады.
24 kg ақпаратына қарағанда, ішімдік бауыр циррозы, қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлары аурулары мен психикалық бұзылыстар тудырады.
Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, елдегі өлім-жітімнің 80%-дан астамы жұқпалы емес аурулармен байланысты. Олардың әрбір оныншысы – алкогольдің салдары.
Жыл сайын Қырғызстанда шамамен 2,5 мың адам ішімдіктің кесірінен көз жұмады.
Сонымен қатар ішімдік елдегі барлық өлімнің шамамен 11%-ына және жол-көлік апаттарынан болған әр алтыншы өлімге себеп болады.
Елдің денсаулық сақтау министрлігі атап өткендей, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алкогольге акциз салығын көтеруді ішімдік тұтынуды азайту және жұқпалы емес аурулардың алдын...
Қазақстанда осы жылдағы астық жинау маусымы аяқталды. Жиналған дәнді дақылдар көлемі 27 млн тоннадан асты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлім етті.
Дәнді дақылдар рекордты көлемде жиналды, оның ішінде бидай – 20,3 млн тонна. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,5 млн тоннаға көп, бірақ осы жылы бидайдың егіс алқабы шамамен 900 мың гектарға қысқарған.
Алғаш рет бұршақ дақылдарының өнімі 1 млн тоннаға жетті. Майлы дақылдар бойынша да рекорд тіркелді, көлемі – 4,5 млн тонна. Бірақ кей өңірлерде әлі де егін жиналып жатыр.
Одан бөлек 2,9 млн тонна картоп, 3,8 млн тонна көкөніс, 2,6 млн тонна бақша дақылдары...
Қазақстан мен Қытай автотасымалдарға рұқсат беру бойынша шектеусіз жүйеге көшуге келісті.
Қазақстан Көлік министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы 5-6 қараша күндері «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Көлік министрлігі өкілдерінің халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелеріне қатысты кездесуі өткен. Қазақстан делегацияы құрамына ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ және тасымалдаушылар қауымдастығының өкілдері кірді.
Келіссөздердің нәтижесінде тараптар келісімдерге қол жеткізген. Атап айтқанда, 6-12 қараша аралығында Қытай тарапы Қазақстанға 15 мың рұқсат бланкілерін береді. Осылайша жеті күннің қорытындысы бойынша қазақстандық тасымалдаушылардың тәуліктік нақты қажеттілігі айқындалады. Алынған деректердің негізінде болашақта...
Некені тіркеуге eGov.kz арқылы онлайн өтініш беруге болады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, eGov.kz арқылы Қазақстан аумағында да, шетелде де некені тіркеуге өтініш беруге болады.
«Онлайн қызмет уақытыңызды үнемдейді, өтініш беру небәрі бірнеше минутты алады, ал өтініштің мәртебесін жеке кабинетте бақылауға болады», – делінген ақпаратта.
Некені тіркеуге өтініш беру үшін «отбасы» бөліміне кіру қажет. Одан кейін «отбасылық жағдайы» → «неке қиюға өтініш» деп таңдау керек. Ол жерде өтініш беруші туралы ақпаратты толтырып, әрі қарай қол қоюға жіберіледі.
Өтініш берген азамат 15 күннен кейін ХҚКО-ға барып, заңды құжатты алып...
ІІМ ішкі істер органдарына қызметке қабылдау процесін түбегейлі өзгертетін жаңа «Qyzmet-Police.kz» платформасын іске қосты. Енді елдегі кез келген азамат полиция қызметіне таныс-тамырсыз кіре алады.
Құзырлы орган мәлімдеуінше, қызметке тұру үшін кезек күтудің қажеті жоқ, артық құжатта жинаудың да керегі болмайды. Барлық өтінімді онлайн форматта беруге болады.
«Платформа Қазақстанның барлық өңіріндегі вакансияны біріктіреді. Үміткер өзіне қолайлы қала мен бөлімшені, қызмет түрін таңдап, бірден өтінім жібере алады. Құжаттар сайтқа бір рет қана жүктеледі. Кадр бөліміне барудың немесе анықтамаларды қағаз түрінде тапсырудың қажеті жоқ«,– делінген хабарламада.
ІІМ іріктеу тек жүйе арқылы жүргізілетінін атап өтт...
Астаналық судья Әсел Досаева мас болып және жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгені үшін ұсталғанымен, әлі де өз қызметін атқарып жүр.
Мұны Астана сотының баспасөз қызметі растаған.
«Судья заңда белгіленген тәртіп бойынша Жоғары сот кеңесі тиісті шешім қабылдағанға дейін өз қызметтік міндеттерін атқара береді», – делінген хабарламада.
Астананың Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының ресми сайтында Әсел Досаеваның судья ретінде жұмыс істеп жатқаны да көрсетіліпті.
Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл істің әкімшілік құқықбұзушылық материалдарын ІІМ Бас прокуратураға жолдаған.
«Белгіленген тәртіпке сәйкес прокуратура судьяны жауапқа тарту мәселесін қарау үшін Жоғары сот кеңесіне ұсыныс...
Қыркүйек айында Қазақстанның банк секторының негізгі көрсеткіштері біршама өсті. Ұлттық банктің деректеріне сай, жалпы активтер 0,6%-ға көбейіп, 67 трлн теңгеге жетті. Кредит және депозитт портфельдер де артты.Halyk Research сарапшылар бизнеске берілген несие биылғы тоғыз айда 15% артып, былтырмен салыстырғанда екі есе жылдам (2024 жылы 7,7%) өсім байқатқанына назар аударады.
Жалпы несие көлемі айлық есепте 1,9%-ға өсіп, 41,6 триллион теңгеге жетті. Оның ішінде бизнеске берілген қарыздар 2,6%-ға, ал халыққа берілген несиелер 1,3%-ға артқан.
Шетел валютасындағы несиелер теңгедегі қарыздарға қарағанда тезірек өсті. Бұл көрсеткіштер кәсіпорындар мен тұрғындардың несиеге сұранысы сақталып...
Сарбаз саны жөнінен әлемдегі ең ірі армияға ие Қытай ядролық арсеналын да қарқынды дамытып жатыр. Қазақстанға көрші ел жыл сайын 100 оқтұмсық шығарады. Әскери нысандарының аумағы бес жылда 2 млн шаршы метрге ұлғайған. CNN-нің көлемді зерттеуінде осындай мәліметтер бар.
Телеарна ғарыштан түсірілген суреттерге, карталар мен үкімет мәліметтеріне сүйене отырып, 2020 жылдан бері Қытай зымыран өндірісіне қатысты әскери қуатын айтарлық арттырды деген қорытынды шығарды.
Қытайдың ядролық арсеналын бақылайтын зымырын күштері мен зымыран өндірісіне қатысты 136 нысан аумағы кеңейген. Ғарыштан түсірілген суреттерде жаңа мұнаралар мен бункерлер пайда болды. Суреттердің кейбірінен зымыран бөлшектерін де байқауға болады, деп жазды CNN.
Шымкентте көктемде қазылған ордағы суға тұншығып, қайтыс болған баланың ісі бойынша айыпталушы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Істі қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сондай-ақ сот айыпталушыны қара жамылған анаға моральдық шығын ретінде 10 млн теңге өтемақы беруге міндеттеді. Десе де ол сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді.
Шымкенттегі Тұран ықшамауданында суға тұншығып мерт болған 6 жасар баланың ісі бойынша сот үкім шығарды. Іс бойынша жәбірленуші ретінде марқұмның анасы, ал 44 жастағы кәсіпкер, «AS ORDA GROUP» ЖШС-ның директоры айыпталушы ретінде танылған. Оған «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу» бабымен айып тағылған.