Қазақстандық ірі алтын өндіруші – «Алтыналмас» компаниясының акциялары Астана халықаралық биржасына (AIX) шығарылады. Бұл туралы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында белгілі болды. Осылайша, AIX биржасы Қазақстан қор биржасынан (KASE) кейінгі компания акциялары орналастырылатын екінші алаң болмақ.
Сонымен қатар акционерлер жер қойнауын пайдалану құқықтары мен соған қатысты нысандарды иеліктен шығару туралы шешім қабылдады. Бұл құқықтарға иелік ететін ұйымдардағы үлестер мен акцияларды беру процесі де мақұлданды.
Қазіргі уақытта компанияның 9 акционері бар, олардың ішіндегі ең ірісі – нидерландылық Gouden Reserves B.V. (66,39%) және кәсіпкер Владимир Жұманбаев (23,2%). Алайда нарықта компанияның меншік иесі ауысуы мүмкін деген ақпарат тараған...