Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Абай облыстарында қар суының деңгейі ең жоғары шегіне жетті. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында да су басу қауіпі бар. Бұл өңірлер құтқарушылардың ерекше бақылауында. Алайда ТЖМ су тасқыны кезеңі қалыпты режимде өтіп жатқанын мәлімдеді.
Ведомство дерегінше, елдің оңтүстік және батыс аймақтарында су тасқыны қаупі сейілген.
«ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар және басқа да қызметтердің күшімен 9 млн астам текше метр қар шығарылды, 1 млн астам текше метр еріген су сорылды, 62 мыңнан астам қап және 3 мың тонна инертті материал төселді, 1 млн 800 мыңнан астам метр арықтар мен каналдар тазартылды, 4 мыңнан астам уақытша бөген пен үйінді тұрғызылды...