Швейцарияда Гүлнара Каримоваға қарсы сот басталды

Жарияланды 27 Сәуір 2026 15:36

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Гүлнара Каримова, өзбек президентінің қызы
Экс-президенттің қызы Гүлнара Каримова / фото: shutterstock

27 сәуірде Швецарияда Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнара Каримоваға қарсы сот басталды. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Экс-президент Ислам Каримовтың қызына пара алды, «The Office» («Кеңсе») деп аталатын қылмыстық ұйымды басқарды деген айыптар тағылды. Іс 20 жыл бұрын басталған.

Осы іс бойынша швейцариялық жеке Lombard Odier банкіне де айып тағылды. Қаржы мекемесі қылмыстан түскен ақшаны заңдастырды деген күдікке ілігіп отыр.

Тергеу нұсқасы бойынша, Каримова басқарған «The Office» 2005-2013 жылдар аралығында Швейцариядағы шоттарға жүздеген миллион доллар жолдаған.

Lombard Odier банкі Женева қаласында орналасқан. Оның бұрынғы бір қызметкері Каримованың қылмысынан түскен қаражатты жасыруға көмектесті деп айыпталып жатыр.

Гүлнара қазір Өзбекстанда түрмеде отыр. Оның әкесі сол елді 25 жыл бойы басқарды.

Reuters мәліметінше, Каримова да, Lombard Odier банкі де тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр. Дүйсенбі күні басталған соттың үкімді қашан шығаратыны әзірге белгісіз.

Сондай-ақ оқыңыз