2025 жылдың 1 қарашасына қарай Қазақстанның Ұлттық қорындағы қаржы 35,8 трлн теңгеге жетті. 10 айда қорға 5,6 трлн теңге түсіп, 4,6 трлн теңгесі жұмсалған. Бұл туралы Қаржы министрлігінің ресми есебінде көрсетілген.
Есепті кезеңде 5,6 трлн теңге қаржының негізгі бөлігі мұнай секторынан түскен. Мұнай компанияларынан алынған тікелей түсімдер 3,1 трлн теңге шамасында болды. Оның ішінде:
корпоративтік табыс салығы – 1,1 трлн теңге, үстеме пайдаға салынатын салық – 35 млрд теңге, бонустар шамамен 1,1 млрд теңге.Бұған қоса, мұнай секторы ұйымдары келтірген зиянның орнын толтырудан 10,4 млрд теңге, жер учаскелерін сатудан 1,1 млрд теңге, республикалық меншікті жекешелендіруден түскен қаражат...