Атырау облысында этан мен пропанды тасымалдауға арналған магистраль құбыржолдарын салу бойынша EPC-келісімшарт жасалды. Келісімге «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы – KMG PetroChem ЖШС және China Petroleum Pipeline Engineering Co., Ltd. (CPP), CITIC Construction Co., Ltd. пен «ЧППИ Қазақстан» ЖШС-нен құралған халықаралық консорциум қол қойды.
EPC-келісімшарт жобаны толық циклмен іске асыруды қамтиды: жобалау құжаттамасын әзірлеу, қажетті жабдықтарды сатып алу, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары, сондай-ақ нысанды пайдалануға беру.
Жоба этан мен пропанды сұйытылған күйде қауіпсіз әрі үздіксіз тасымалдауға мүмкіндік беретін бірыңғай технологиялық тізбекті қалыптастыруға бағытталған.
Шикізат «Теңізшевройл» компаниясынан және Теңіз кен орнында салынып жатқан Газ сепарациялау кешенінен...