Астанадағы Dental Park Ortho стоматологиясында үш жастағы қыз қайтыс болды. Қайғылы жағдай 2024 жылдың 30 қазанында болған. Содан кейін анестезиолог Аида Жұмағалиеваға қылмыстық іс қозғалды. Сотталушы іс барысында өзіне тағылған айыпты мойындамады.
Бүлдіршіннің 9-11 тісін емдеу үшін «Севоран» наркозы салынған. Алайда қыз «ұйықтап» жатқан кезде жоспар өзгеріп, стоматолог оның 18 тісін емдеген. Қыз оянбай қалған.
Сот үкімі
Сот үкімімен Жұмағалиева қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 3 жыл медициналық қызмет көрсету саласында жұмыс істей алмайды. ҚР «Рақымшылық туралы» заңына сәйкес Аида тағайындалған негізгі жазадан босатылды.
Сотталған Жұмағалиева марқұм бүлдіршіннің ата-анасына...