Ұлттық банк дерегі бойынша, 2025 жылдың 11 айында қазақстандық банктер 2,5 трлн теңге таза пайда тапқан. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстығанда 7,3 пайызға артық.
Былтыр 11 айда қазақстандық банктер 2,33 трлн теңге таза пайда тапқан болатын. Жылдық мәндегі көрсеткіш осындай болғанымен, айлық деректерді салыстырса, биыл банктердің таза пайдасы 4 ай қатарынан төмендеп келеді.
Қаңтар айында таза пайда 228,5 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың қаңтарындағы деңгейден 15,5%-ға жоғары қалыптасқан. Ақпанда да осы үрдіс сақталып, көрсеткіш 220,4 млрд теңгеге жетті. Наурызда өсім қарқыны күшейіп, таза пайда бір жылда 19,5%-ға...