Алматының Тереңқұр демалыс аймағындағы 30 соттық жерге қатысты дау туды. Жергілікті тұрғындар мен депутат Бақытжан Базарбек саябақтағы бұл жердің Тұрсынғали Алагөзовке тиесілі екенін айтады. Бір ай бұрын учаске аумағы қоршалған. Алматылықтар енді осы жерге көпқабатты нысан салынып, саябақ көркі бұзылады деп алаңдаулы. KursivMedia тілшісі Тереңқұрға барып, тұрғындар мен жауапты органдардың уәжін тыңдап қайтты.
Жамал Омарова көшесінен төмен орналасқан учаске судың жағасында тұр. Ағып жатқан су мен қоршаудың арасы шамамен – 5-7 метр. Сол жердегі баскетбол алаңының бір бүйірі мен артқы жағын қоршап тастаған.
Тұрғындар не дейді?
Медеу ауданы тұрғыны Дамира Тұрсынбек жаңа нысан салмай, Тереңқұрдың қазірг...