18 желтоқсанда Алматы қаласының барлық сегіз ауданында жаңа жылдық шыршалардың шамы бір мезетте жағылды. Негізгі мерекелік іс-шара Абай алаңында, Республика сарайының алдында өтті. Бұл жерде биіктігі 22 метр болатын қаланың бас шыршасы орнатылды.
Жаңа жыл қарсаңындағы салтанатты рәсімге Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мен жүздеген қала тұрғыны қатысты. Бас шыршаны безендіруге 7 шақырымнан астам жаңа жылдық гирляндалар, түрлі-түсті сәндік элементтер, үлкен және кіші шырша ойыншықтары, тақырыптық әшекейлер мен жарық инсталляциялары пайдаланылды.
Салтанатты рәсім алдында Республика сарайының қасбетінде екі минуттық лазерлік шоу көрсетілді. Ғимарат бетінде Алматының өзіндік болмысын айшықтайтын жарық кескіндемелері бейнеленді. Көрнекі композицияларда таулар, бүркіт бейнесі, сондай-ақ жаңа...