Қазақстан мен Қатар арасындағы Қазақстан азаматтарын жұмысқа орналастыру туралы келісім ресми түрде күшіне енді. Бұл жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, Қатар тарапы келісімге қатысты барлық ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтағанын растайтын жазбаша хабарлама жолдаған.
Құжатқа 2024 жылғы 14 ақпанда Мемлекет басшысының Дохаға ресми сапары барысында қол қойылды. 2025 жылы келісімді ратификациялау туралы Заң жобасын ҚР Парламентінің қос палатасы (10 қыркүйек – Мәжілісте, 9 қазан – Сенатта) мақұлдады, 20 қазанда Заңға Қазақстан Республикасының Президенті қол қойды.
Құжат қазақстандық мамандарды іріктеу мен жұмысқа орналастыру тәртібін реттейді және олардың әлеуметтік әрі еңбек құқықтарын толық көлемде қорғауға кепілдік...