Қарашада елдегі жылдық инфляция 12,4% болды. Елдің бес өңірінде инфляция жеделдеді, төртеуінде бұрынғы деңгейде қалды. Ал 11 өңірде баяулады деп хабарлайды Ұлттық банктен.
Қараша айындағы баға өсімі қалай болды?
Азық-түлік бағасы
Бір жылда 13,4% өсті (қазанда – 13,5%) Ең қатты қымбаттаған өңір: Ұлытау облысы – 17,1% Ең төмен өсім: Алматы қаласы – 11,2%Азық-түлікке жатпайтын тауарлар
Жылдық өсім: 11,2% (қазанда – 11,0%) Ең жоғары өсім: Ақтөбе және Жетісу облыстары – 13,2% Ең төмен өсім: Батыс Қазақстан облысы – 8,6%Ақылы қызметтер
Баға өсімі 12,3%-ға дейін баяулаған (қазанда – 12,9%) Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында қызмет бағасы ел орташа деңгейінен төмен өсті – 9,4%Қарашада ел бойынша баға 0,8% өсті
Қазанда елдегі жылдық инфляция 12,6%