Заңгер Айгүл Орынбекке қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылды. Ақпаратты Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі растады.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, Айгүл Орынбекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды:
Қылмыстық кодекстің 190-баптың 3-бөлігі 1-тармағы – ірі көлемде жасалған алаяқтық; 407-баптың 2-бөлігі – сотқа дейінгі тергеуге кедергі келтіру; 423-бап – сотқа дейінгі іс деректерін жария ету.Журналист Михаил Козачков Telegram арнасында Шымкент қаласы прокуратурасының ресми жауабын жариялаған. Ол жерде қылмыстық іс Шымкент қаласы полиция департаментінің өндірісінде екені, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгені айтылған.
Бұған дейін Шымкентте мемлекеттік қызметшіден 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен блогер-журналист ұсталды.