Қайрат Нұртас TikTok әлеуметтік желісінде қызы Алауымен бірге трендке айналған видео жариялады. Әке мен қыздың әзіл-қалжыңға құрылған бейнеролигі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.
Видеода Алау әкесіне түрлі қызықты сұрақтар қояды. Соның бірі: «Қандай жағдайда менен бас тартасыз?» деген сауал болды. Қайрат Нұртас бұл сұраққа ашық әрі шынайы жауап берді.
Алау: «Егер мен 18 жасымда аяғым ауыр болып, күйеуге шықсам, не істейсіз?» деп сұрағанда, әнші ойланбастан: «Ондай жағдайда бас тартамын», деп жауап қайтарды.
Алайда Қайрат Нұртас бұл сөзін әзіл мен тәрбиелік мағынада айтқанын да жасырмады. Қызы әлі жас екенін, ең алдымен білім алып...