Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы наурыз қарсаңында ұлттық киім – шапан алғанын айтып, парақшасына салды. Елге танымал дизайнер әрі өзінің жақын құрбысы Аида Кауменованың брендінен 600 мың теңгеге алғанын да жасырмады.
Баян Алагөзова Aida KaumeNOVA брендінен жиі киім алады. Оның осыған дейінгі біраз образын Аида Кауменова тіккенін жақсы білеміз. Наурыз мерекесі қарсаңында продюсер құрбысының шоу-румына барып, жаңа шапан алғанын stories-те айтты.
«Қандай керемет шапан алғанымды қараңдаршы. Бірақ енді 600 мың теңгеге шықты. Сонда да ештеңе етпес. Бұл – бірегей туынды. Алмай кетуге болмады. Тіпті джинса шалбармен де сәнді тұрады екен. Кофтамды шештім де, шапанды кие салдым. Аида...