Қазақстандықтардың инфляцияға қатысты алаңдаушылығы күшейіп келеді. Күз соңына қарай халықтың бағаға қатысты күтулері айтарлықтай нашарлағаны байқалады. Ұлттық банктің сауалнамасына сәйкес, респонденттердің 13,9%-ы алдағы 12 айда инфляция 20%-дан да жоғары болады деп есептейді.
Қазан айында мұндай пікірдегі азаматтар 11,4% ғана болған еді. Сондай-ақ 16–20% аралығындағы инфляцияны күтетіндер тобы да ұлғайып, бір айда 10,1%-дан 11,9%-ға дейін өсті.
Сонымен бірге халық болжам айтуда өз пікіріне сенімді бола бастады: «жауап беруге қиналамын» дегендер үлесі 54,3%-дан 47,8%-ға дейін азайған. Бұл белгісіздік бәсеңдеп, баға одан әрі өсуі мүмкін деген түсінік күшейгенін көрсетеді.
Осы көңіл-күй қазіргі ресми мәліметтермен де байланысты. 2025 жылдың қараша...