Танымал қазақстандық актер әрі блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты. Бұл туралы актер өзінің инстаграм парақшасында жариялады.
Ат үстіндегі бейнежазбаның астына ол Ресейлік актер Александр Петровтың сөздерін дәйексөз ретінде келтіріп, философиялық ой-толғау қалдырды:
«Сыртқы өмірде бостандықтан айырылған кезде, ішкі бостандыққа ие болдым. Демек, солай болуы керек еді. Өмір үйретуі тиіс сабақтардан қашып, бақытты өмір сүру мүмкін емес. Жан ұмтылатын тәжірибеден өзіңді айыру мүмкін емес. Маған тыныштық, уақыттан тыс болу, рөлдерсіз қалу, өзіммен оңаша қалып, «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап беру керек болды. Кейде жаңа өзіңді тану үшін бәрін қирату керек. Осы тәжірибе үшін Жаратқанға рахмет. Бұл жан...