Қытай инвесторы Қазақстанның электр жүйесін жаңғырту бағдарламасына қатыспақ. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбектің «Zhongyoung Power (Yunxi) Group Co., Ltd.» бас директоры Ли Цзяньцзянмен кездесуі барысында белгілі болды.
Кездесу барысында қытайлық тарап Қазақстанның электр энергетикасын жаңғырту жобаларына инвестор ретінде қатысуға дайын екенін мәлімдеген. «Zhongyoung Power» өкілдері елдегі ескірген инфрақұрылымды жаңарту, жаңғырту және қайта құру бағытындағы «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасына қызығушылық білдірді.
Инвестиция және қаржыландыру тетіктері
Компания мемлекеттік-жекеменшік серіктестік және тарифтік модельдер арқылы инвестицияны қайтару мүмкіндіктерін қарастыруға әзір. Ли Цзяньцзян...