Тегеран бес елдің кемесіне бұғатталған Ормұз бұғазынан өтуге рұқсат берді. Бұл туралы елдің СІМ басшысы Аббач Аракшы мәлімдеді деп жазады Tasnim агенттігі.
«Біз Ормұз бұғазы арқылы өтуге өзімізге дос деп санайтын бірнеше елге рұқсат бердік: мәселен, Ресей, Үндістан, Ирак, Қытай және Пәкістан. Ал қарсыластарымыздың бұғазды пайдалануына жол берудің ешқандай қисыны жоқ», – деді ол.
Bloomberg жазуынша, Иран аталған елдердің тек ақы төлеп өтуіне рұқсат берген. Қазірдің өзінде Үндістан, Ирак, Малайзия мен Қытай да Тегеранмен тікелей келіссөздер жүргізіп, кемесін ақылы түрде өткізуге тырысып жатыр.
Ормұз бұғазы – Парсы шығанағы мен Оман шығанағын жалғайтын негізг...