Нью-Йорк тұрғындары енді қазақ ұнынан нан пісіретін болды. Қостанайдан Нью-Йоркке 24 тонна қазақстандық ұн экспортталды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратынша, еліміздегі KTZ Express компаниясы Транскаспий халықаралық көлік бағыты инфрақұрылымын пайдалана отырып, Қостанай – Нью-Йорк бағыты бойынша қазақстандық бидай ұнын жеткізудің жаңа жөнелтілімін ұйымдастырды.
«Жүк 2026 жылғы 10 наурызда жіберіліп, құрамына Қазақстандағы ірі ұн тарту кәсіпорындарының бірі әрі Орталық Азиядағы жетекші компаниялардың қатарындағы Salamat Company LLP өндірген 24 тонна өнім кірді. Қазақстандық ұнға деген сұраныстың артуы халықаралық нарықтардың біздің еліміздің өніміне тұрақты қызығушылық танытып отырғанын көрсетеді», – делінген ақпаратта.
Министрліктің хабарлауынша, жүк тасымалы теміржол және...