Мөлдір Мұқанова атышулы сұхбатынан кейін бұрынғы жары Тұрсынбек Қабатовтың қандай реакция жасағанын айтып берді.
Он төрт жыл бойы екі әйелмен тұрып келгені әшкереленген соң, Тұрсынбек Қабатов шетелде оқып жатқан қызына қоңырау соғып, рахмет айтыпты.
«Сұхбаттан кейін балаларға хабарласты. Балаларымен сөйлесті. Әдемі басқа елде оқып жатыр. Папасы жүрегі елжіреп, дауысы дірілдеп сөйлескен. Рахметін айтқан. Әдемі: «Папа не үшін рахмет айтып жатырсың? Сіз менің әкемсіз. Мен де сізді сағындым. Хабарласқаныңызға сізге рахмет», – деп жауап беріпті», – деді Мөлдір Мұқанова.
Продюсердің сөзіне қарағанда, ол қазір бұрынғы күйеуінің балаларының телефон нөмірлерін блоктағаны үшін де айыптамайды.