Дәстүрлі мереке деп Жаңа жыл, Наурыз сынды отбасы болып, гүрілдетіп тойлайтын отырыстарды айтамыз. Алыс-жақыннан тума-туыс түгел жиналып, бас қосатын мерекелерді бумерлер мен миллениалдар ерекше жақсы көреді. Бір-біріне тілек айтып, ортаға ас қойып дастарқан жаяды. Дегенмен зумер және альфа ұрпақтың мұндай мерекелерге деген көзқарасы сәл басқаша. Неге жастар қалыптасып қалған форматтан бойын аулақ ұстағанды жөн көреді? Әлеуметтік, психологиялық және мәдени тұрғыдан осы мәселені қарастырып көрелік.
Зумерлер мен альфа ұрпақ деген кімдер?
Алдымен осы ұрпақтардың қай жылдар аралығында туғандар екенінен бастайық. Z ұрпақ деп 1997-2012 жылдары өмірге келгендерді айтады. Ал 2013 жылдан бері қарай дүниеге келгендерді альфа дейді. Неге бұл ек...