Бірнеше өңірде тұман, найзағай мен жаңбыр, оңтүстікте көктайғақ болады. «Қазгидромет» 3 сәуірге ауа райы болжамын ұсынды.
Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с., түнде ауа температурасы +1…+ 3°C, күндіз + 19…+21°C. Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с., түнде температура +12…+14°C, күндіз + 25…+27°C. Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с., түнде ауа температурасы +14…+16°C, күндіз + 27…+29°C. Ақтауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с., түнде ауа температурасы +9…+11°C, күндіз + 17…+19°C. Ақтөбеде бұлтты, жаңбыр, жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы +10…+12°C, күндіз + 12…+14°C. Атырауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с., түнде ауа температурасы +6…+ 8°C, күндіз + 19…+21°C...Жаңалықтар
Осы демалыс күндері, 4 және 5 сәуірде, Астанада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі болады.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, сүт және ұн өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды, тосаптарды, джемдерді және басқа да азық-түлік түрлерін сатып ала алады.
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, жәрмеңке таңғы сағат 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін Алаш тас жолы, 35Б мекенжайы бойынша орналасқан «Keryen Joly» сауда орталығының аумағында жұмыс істейді.
Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орынның жанынан № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобус бағыттары қатынайды.
2 сәуір күні Freedom Media платформасында отандық киноиндустрияның ең күтілген туындыларының бірі – «Дәстүр: Теріс бата» мистикалық триллерінің цифрлық премьерасы өтті.
Оқиға желісі
Фильм өзегінде – сырттай қарағанда берекелі, бірақ түсініксіз үрейлі оқиғалардан соң шаңырағы шайқала бастаған бір әулеттің тағдыры баяндалады. Тылсым құбылыстардың төркіні қазақ танымындағы ең ауыр қарғыс – теріс батадан бастау алады.
Кейіпкерлер баяғыда жасаған, түзетуге келмейтін қателіктерінің зардабын тартып, тағдырдың қатал сынағына тап болады. Бұл – қиянаттың қайта оралып, соңы өкінішке ұласатынын көрсететін терең драмалық хикая.
Дәстүр мен атмосфераның үйлесімі
«Дәстүр: Теріс бата» көрерменді жай ғана арзан эффектілермен емес, психологиялық шиеленіс, мағыналы үнсіздік пен астарлы нышандар...
Қытай «ғарыштық госпиталь» құру жөніндегі ауқымды жобаны іске асырудың алғашқы практикалық қадамын жасап, орбитаға бес жоғары технологиялық медициналық құрылғы жіберді, деп хабарлайды China Daily.
Мәліметтерге сәйкес, сынақ бағдарламасы үш жылға созылады, ал оның негізгі міндеті – экипаждар үшін денсаулық сақтау жүйесін дамыту және ғарыштық медицина саласындағы ғылыми-зерттеу базасын тереңдету болмақ.
Медициналық жүгі бар зымыран тасығышты ұшыру елдің солтүстік-батысында орналасқан Цзюцюань ғарыш айлағынан жүзеге асырылды. Жобаны іске асыруға Қытай ғылым академиясының Микроспутниктер инновациялық академиясымен тығыз серіктестікте Шэньчжэнь озық технологиялар университеті жетекшілік етеді.
Бастама микрогравитация, жоғары радиация және тұйық кеңістікте ұзақ болу жағдайында туындайтын мәселелердің тиімді шешімдерін әзірлеуге бағытталған. Мұндай жағдайларда...
Астанада полицейлер 14 жастағы мектеп оқушысы рөлде отырған Tesla электромобилін тоқтатты. Жасөспірім жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, тоқтау туралы талаптарды елемеген, деп хабарлады елордалық полиция департаменті.
Тәртіп бұзушылықтар Жедел басқару орталығының камераларына түсіп қалған. Полицейлердің белгі бергеніне қарамастан, жүргізуші тоқтамай, қашып кетуге тырысқан. Автокөлік салонында тағы бір кәмелетке толмаған жолаушы болған.
Бұл осындай алғашқы жағдай емес екені анықталды. Бұған дейін де аталған көлік қауіпті жүрісі үшін полицияның назарына іліккен.
Қазақстанда еріктілердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру жоспарлануда, деп хабарлады премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева депутаттық сауалға берген жауабында.
18 наурызда мәжіліс депутаты Николай Арсютин еріктілерді әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын қарастыруды ұсынды. Соның ішінде өмірді сақтандыру мәселесі де бар. Балаеваның айтуынша, мұндай бастама қазірдің өзінде қаралып жатыр.
«Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, жоғалған адамдарды іздестіруге қатысатын, сондай-ақ, өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнетін өзге де қызмет түрлерімен айналысатын еріктілердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру мәселесі қарастырылуда. Ұсынылып отырған шаралар әзірленіп жатқан Еріктілікті дамытудың 2030 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасында көрініс табады...
Қазақстандықтар үй шаруасын жиі «ортақ іс» деп атайды, бірақ іс жүзінде тұрмыс әлі де көбіне әйелдердің мойнында. Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтының (ҚҚДИ) жаңа баяндамасынан белгілі болды.
Зерттеу дерегіне сәйкес, респонденттердің 76,7%-ы шаруашылықты ерлі-зайыптылардың екеуі де жүргізуі керек деп есептейді. Отбасындағы теңдік идеясын қолдайтындар саны артып келеді.
Мамандар бүкіл ел бойынша 3 мың адамнан сауалнама алды. Адамдардың ескі стереотиптерден көбірек арылып жатқаны, ал әкелер балаларымен көбірек уақыт өткізуге тырысатыны анықталды. Дегенмен мәселе үй жинауға немесе тамақ пісіруге келгенде, жағдай өзгереді.
Үй шаруасының басым бөлігі бұрынғыдай әйелдердің еншісінде қалып отыр. Олар жиі тамақ әзірлейді (75,7%), үй жинайды (75%), ыдыс...
Алматы тұрғыны Threads желісінде шағым қалдырып, ол әлеуметтік желілерге лезде тарап кетті. Оның айтуынша, қала орталығында оған және өзге адамдарға бір топ қайыршы шабуыл жасаған. Олар әйелдің заттарын тартып алып, үстіне су шашқан, тас лақтырған және өзге жүргіншілерді соққыға жыққан.
«Қала орталығында не болып жатыр? Неліктен маған және басқа адамдарға бір топ сыған қалай жайдан-жай шабуыл жасай алады?», – деп шағымданды ол.
Оқиға қаланың бас соборының жанындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта болған.
Жазба астындағы пікірлер бұл жағдайдың алматылықтар үшін жаңалық емес екенін танытады.
«Олар барлық жерде жүр...
Астана мектептерінің бірінде педагог оқушыға физикалық күш көрсеткен. Қалалық білім басқармасы оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, мектеп директоры жазаға тартылғанын жария етті.
Болған жағдай әлеуметтік желілерде видео тарай бастағаннан кейін белгілі болды. Кадрларда ер адамның мектеп оқушысына күш қолданғаны көрінеді. Сондай-ақ мұғалімнің оқушыға қатысты балағат сөздер айтқанын естуге болады.
Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, қызметтік тексеру нәтижесінде бұл факт расталды.
«Педагог Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасы негізінде жұмыстан босатылды. Қосымша тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды. Мектеп басшысы мен оның орынбасарлары ресми жаза алды және дербес жауапкершілікте болады», – деп нақтылады ведомстводан.
Сондай-ақ басқарма жағдайдың бақылауда болатынын...
2026 жылдың наурыз айында Өзбекстанның Көші-қон агенттігі америкалық USA Farm Labor ұйымымен келісімге қол қойды.
Құжат Бехзод Мусаев пен Мануэль Фик арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша жасалған. H-2A визалық бағдарламасы арқылы бұған қол жеткізіліп отыр.
Келісім аясында өзбекстандықтар АҚШ-та ауыл шаруашылығы саласында 10 айға дейін жұмыс істей алады. Орташа жалақы шамамен айына 3 мың доллар болады.
АҚШ Мемлекеттік департаменті мәліметінше, соңғы жылдары H-2A бағдарламасы бойынша 315 мыңнан астам виза берілген. Бағдарлама қарқынды дамып жатқанымен, АҚШ-та шетелдік жұмысшылардың құқықтарының бұзылуы да жиі кездеседі.
АҚШ Еңбек министрлігі жанындағы еңбекақы және жұмыс уақыты бөлімі деректеріне сәйкес, кей жылдары ауыл шаруашылығындағы құқық бұзушылықтар барлы...
«Kundybai Mining» тау-кен компаниясы акцияларының 20% үлесі өз құнынан әлдеқайда арзанға – бар болғаны 35,9 млн теңгеге сатылды. Қайтарылған актив 30% арзан бағаға өтті.
Тым арзан
Ескі Қазақстанның бай-бағландарынан тәркіленген құнды қағаздарды «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» (KUVA) электронды аукционда сатқан. 1 сәуірде eSauda порталындағы саудаға бар болғаны бір субъект қатысып, актив бастапқы бағаға ешқандай саудасыз сатылған. Оны кім сатып алғаны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, тау-кен компаниясының үлесі бұған дейін бірнеше мәрте өтпей қалған. Соған байланысты KUVA оның құнын шамамен екі есе түсіруге мәжбүр болған.
Бағалаушылар «Kundybai Mining» акцияларының 20% үлесін 51,3 млн теңге тұрады деп есептеген. Алайда...
Сенатор Марат Қожаев жол ережелерін жүйелі бұзғандарға жауапкершілікті күшейтуді және қалада орташа жылдамдыққа бақылау енгізуді ұсынды.
Қожаев жолдағы кезекті қайғылы оқиғалардан соң бұл мәселені қайта көтерді.
«Жүргізушілердің жол ережесін елемеуі мен жауапсыздығының салдарынан азаматтардың өмірі қыршыннан қиылды. Бұл мәселе әсіресе ірі қалаларда өткір көрініс тауып отыр. Мұнда агрессивті жүргізу, жылдамдықты арттыру, түнгі жарыстар және басқа да жол қауіпсіздігі талаптарын бұзу жиі кездеседі», – деді сенатор Үкімет басшысына жолдаған сауалында.
Сенатор өткен жылы да жол ережесін үнемі бұзатындарға жауапкершілікті күшейту жайлы бастама көтергенін еске салды.
«Сол уақытта үкімет депутаттардың ұстанымын...
Елімізде Қашаған кен орнымен тең келетін ірі карбонатты массив анықталды. Бұл туралы Астанада өткен геологиялық форум барысында «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Есқазиев мәлімдеді деп жазады Қазақпарат.
Геологиялық барлау жұмысы Қаратон, Қажығали және Жылыой учаскелерін қамтитын Жылыой карбонатты платформасында жүргізілген.
Табылған массивтің ресурс көлемі 4,7 млрд тонна көмірсутекті құрайды. Ал Жылыой карбонатты массивінің жалпы әлеуеті 20 млрд тонна шартты отынға бағаланып отыр.
Құрманғазы Есқазиевтің сөзінше, Қашаған кен орны теңіздің таяз бөлігінде орналасқандықтан, оны игеру – зор шығын. Ал жаңа массив құрлықта орналасқан, тиісінше шығын да азая түседі. Қазір Қаратон учаскесінде тереңдігі 5750 метрлік ұңғыма бұрғыланып, оң нәтиже көрсетті.
ҚМГ өкілінің айтуынша, Қаратондағы сәтті жұмыстардан кейін геологиялық барлауды Қажығали учаскесінде кеңейту...
Шығыс Қазақстан облысында мектеп директорлары жетіспей жатыр. Қазір 48 мектеп басшысыз қалған.
YK-news.kz хабарлауынша, бұл жөнінде жалпы білім беру мекемелеріндегі кадр тапшылығы туралы облыстық білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов мәлімдеген.
«Көптеген педагогтер директор болғаннан гөрі мұғалім болып қалғанды жөн көреді. Сол себепті, өкінішке қарай, өңірде мектеп басшыларының тапшылығы байқалады», – деді ол.
Оқасовтың сөзіне қарағанда, қазіргі таңда 48 білім беру мекемесінде директор жоқ. Өңірде мұғалімдер де жетіспейді, әсіресе, шалғай аудандарда.
Басқарма басшысының айтуынша, мұғалім тапшылығы Алтай ауданы, Марқакөл ауданы және облыс орталығына жақын орналасқан Ұлан ауданында да байқалады.
Қуат Оқасов бұл мәселені шешу...
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімовке тиесілі болған самурай қылышы тағы сатылмай қалды: аукционға қойылған суық қаруға ешкім қызықпаған.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» қазір түрмеде отырған бұрынғы шенеуніктің қылышын электронды аукцион – eSauda порталына сатуға шығарған. 31 наурызда бастапты құны 461 312 теңгеден басталатын лотқа ешкім қатыспады. Соған байланысты аукцион да өткен жоқ.
Осылайша, Мәсімовтен қалған мұра осымен төртінші мәрте сатылмай қалды.
Айта кетейік, бұған дейін – 20 ақпанда өткен аукцион барысында самурай қылышы «жеті есе қымбат бағаға сатылғаны» хабарланған. Алайда кейін сауда-саттық нәтижесі жойылған. Мұндай шешім қабылдауға не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Бір қызығы, Мәсімов қылышы...
2025 жылы Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (шамамен 58,8 мың теңге) аспайтын халықтың үлесі 4,8%-ға жетті. Бұл – шамамен бір миллионға жуық адам (988,2 мың). EnergyProm, мәліметіне сәйкес, бір жылда мұқтаж жандардың саны 2%-ға артып, әсіресе, ауыл тұрғындары мен көп балалы отбасылардың жағдайы қиындай түскен.
Қала мен ауыл арасындағы алшақтық терең
Елдегі кедейлік деңгейі біркелкі емес. Қалаларда бұл көрсеткіш 3,6% деңгейінде тұрақталса, ауылдық жерлерде керісінше өсім байқалып, 7%-ға жетті.
Демек, ауыл тұрғындары қалалықтарға қарағанда табыс тапшылығын екі есе жиі сезінеді. Бұл ауылдағы экономикалық мүмкіндіктердің шектеулі екенін және табыс теңсіздігінің әлі де жоғары екенін...
Қазақстанда Аи-92 бензині мен жазғы дизельдің бөлшек саудадағы бағасы біртіндеп көтеріледі. Бұл жайлы энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров мәлімдеді. Жанармай бағасын өсіруге енгізген мораторий күші 2026 жылдың 31 наурызда аяқталды.
«Өткен жылғы тәжірибе көрсеткендей, негізінен бағаның күрт шарықтауы болмайды. (Аи-92 мен дизель отынының бағасы – Курсив) біртіндеп көтерілетін шығар», – деді ол журналистерге берген сұхбатында.
Алайда ол бағаның нақты қалай және қандай мерзімде өсетінін нақтылаған жоқ.
Үкімет коммуналдық тарифтерге, жанармай, дизель отыны және тағы басқа тауарлар бағасын өсіруге мораторий енгізген. Бірақ оның күші аяқталғаннан кейін жанармай құю бекеттерінде Аи-92 мен дизель отынының бөлшек саудадағы...
Алматы қаласында күн райының жылынуына байланысты көшелерде самокат мінушілер көбейіп, полиция ерекше бақылау режиміне көшті.
Тәртіпті қадағалау үшін арнайы мобильді самокаттық экипаждар құрылды. Бұл топтардың құрамында учаскелік және ювеналдық полиция инспекторлары жұмыс істеп жатыр. Олар негізінен мектеп маңын және халық көп жиналатын көшелерді патрульдейді.
Бір күндік тексерістің нәтижелері:
Электр самокаттарын пайдалану ережелерін бұзған 70 жағдай тіркелді. Кәмелетке толмаған балалар самокат басқарған 10 факті анықталды. Кикшеринг компанияларымен бірлесіп, заң бұзушылардың 7 аккаунты бұғатталды.Ата-аналардың жауапкершілігі
Рейд барысында 3 ата-ана бала тәрбиесіндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың электр...
2025 жылы Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 415,8 млн долларға жетті. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,4%-ға артық (394,3 млн доллар).
Екі елдің сауда көрсеткіштері Астанадағы жиында сөз болды. Вице-премьер Серік Жұманғарин бүгін Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Мищенкомен кездесті. Олар сауда мен экономика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Бұған қоса, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қызметін қайта бастау мүмкіндігі талқыланды.
Қазақстан Украинаға негізінен ферроқорытпа, тыңайтқыш, күріш және басқа да тауар экспорттайды. Елге шоколад және құрамында какао бар басқа да өнімдер, ұн және кондитерлік өнімдер, дәрілік заттар, сүзбе мен ірімшік және тағы басқа да өнім жеткізіледі.
Украина...
Қытайда балалар мен әйелдерді ұрлау және оларды сату қылмыстарының саны айтарлықтай азайды.
Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады. Қытай Халық Жоғарғы соты мәліметінше, 2025 жылы бұл көрсеткіш 2012 жылғы ең жоғары деңгеймен салыстырғанда 77,95 пайызға төмендеген.
Адам ұрлау және сату Қытай қоғамындағы ең ауыр қылмыстардың бірі болып саналады.
17 бала ұрлаған әйел өлім жазасына кесілді
Мысалы, 20 жыл ішінде 17 баланы ұрлап, сатқан Юй Хуаин 2024 жылы өлім жазасына кесіліп, 2025 жылы үкім орындалды. Бұл іс қоғамда үлкен серпін тудырды.
Оның құрбандарының бірі Ян Нюхуа бес жасында ұрланған. Ол 31 жасында ДНҚ сараптамасының көмегімен туған отбасын тапқанымен, ата-анасы сол...
Елдегі ақылы жолдарда жүргізушілерге визуалды бағдар беретін лазерлік жүйелер орнатыла бастады. Жобаны «ҚазАвтоЖол» компаниясы жүзеге асырып жатыр. Бұл түнгі уақытта жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және жүргізушілердің ұзақ жолдағы шаршауын төмендету мақсатында енгізілуде.
«Қауіпсіздік жарығы» қай жерлерде орнатылады
Жұмыстар республикалық маңызы бар негізгі жолдардың 22 учаскесін қамтиды. Олардың қатарында:
Астана – Щучинск Алматы – Қорғас Шымкент – Тараз Орал – Ресей шекарасы және басқа да жүктемесі жоғары бағыттар бар.Жүйе қалай жұмыс істейді
Лазерлік қондырғылар жүргізушінің көру аймағына айқын жарық сызықтарын проекциялап, жол бойында нақты визуалды бағдар қалыптастырады. Лазерлер тұман, қар немесе қараңғыда нашар көрінетін жол...
«Отбасы банк» жеңілдетілген ипотекаға өтінім қабылдауды бастады. Жылдық мөлшерлеме – 2% немесе 5%. Пәтерлер кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді.
Қазір кейбір қалаларда өтінім қабылдау мен төлем қабілетін бағалау жұмыстары жүріп жатыр. Ал пәтерлерді бөлу бірнеше күннен кейін басталады.
Жеңілдетілген ипотека шарттары және кімдерге беріледі
Жеңілдетілген несие 20 жылға беріледі. Бастапқы жарнаға пәтер бағасының кемінде 10%-ы қажет. Алайда бұл белгілі бір санаттағы азаматтарға арналған.
Негізгі екі шарт бар:
Пәтер кезегінде тұру; Әлеуметтік осал топқа жату.2% ипотека тек кейбір кезектегі азаматтарға беріледі. Оларға келесі санаттағы азаматтар жатады:
ардагерлер; мүгедектігі бар адамдар; жетімдер; көпбалалы отбасылар; мүгедек баласы бар отбасылар...Қостанай облысының полициясы құқық қорғау қызметкерін соққыға жыққан күдіктілердің кешірім сұраған видеосын жариялады.
Бұл туралы Қостанай облысының Полиция департаменті хабарлады.
Бұған дейін оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тараған еді. Қызметтен тыс уақытта кәмелетке толмаған балаларымен бірге жүрген полицей қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған үш ер адамға ескерту жасаған. Алайда олар құқық қорғау қызметкеріне шабуыл жасаған.
Полиция күдіктілердің ұсталу сәтін де көрсетті. Видеода олар зардап шеккен полицейден ғана емес, оның әріптестерінен де кешірім сұрайды.
«Барлық полиция қызметкерлерінен кешірім сұраймын. Қателік жасадым, қатты өкінемін. Мұндай әрекетті енді қайталамаймын. Кінәмді мойындаймын», – дейді ұсталғандар.
Алғашында күдіктілерге қамау түріндегі бұлтартпау шарасы...
Қазақстанда жасанды интеллект мүмкіндіктерімен жабдықталған AI-Enabled University индустрия университеті ашылады. Бұл туралы Тоқаевпен кездескен ғылым министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді деп жазады Ақорда.
Бұл оқу орны барлық үдерістерге жасанды интеллектіні (AI) енгізеді. Сонымен қатар, елімізде жасанды интеллектіні ілгерілетуге арналған «AI-Sana» ұлттық қозғалысы қолға алынбақ. Әзірге аталған жобалардың мән-жайы толық белгісіз.
Кездесуде Саясат Нұрбек еңбек нарығын зерттеу нәтижелері мен 2030 жылға дейінгі мамандарға деген сұраныс болжамын ұсынды. Осыған орай:
«Келешек» механизмі арқылы жоғары білімнің қолжетімділігі артады. DeepTech (терең технологиялар) мен күрделі өндірістерді дамытудың жаңа моделі енгізіледі. Өңірлерде ғылыми-өндірістік аймақтар мен ғылым қалашықтары құрылады.Ғылым министрі мемлекет ғалымдарды қолдауды жалғастыратынын атап өтті. Ол үшін...