2026 жылдың алғашқы үш айында Қазақстанның мемлекеттік бюджет кірісі жоспарланған межеден асып түсіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ға өсті. Экономикалық белсенділіктің артуы мен экспортқа шығатын тауар бағасының қолайлы болуы қазынаға қосымша 268,7 млрд теңге түсірді.
Бюджет жоспары қалай орындалды
I тоқсанда мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі 104,4%-ға орындалды. Жоспарланған 6,2 трлн теңгенің орнына іс жүзінде 6,4 трлн теңге жиналды. 2025 жылмен салыстырғанда түсімдердің жалпы өсімі 930,6 млрд теңгені (+16,9%) құрады.
Республикалық және жергілікті бюджеттер де бекітілген жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындаған. Бұл динамикаға Қазақстан экспортқа шығаратын өнімдердің, тауар мен қызметті сату көлемінің артуы, сондай-ақ салық және кедендік...