АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран арасындағы қарулы қақтығыстың жақын арада аяқталатынын хабарлады. Бұл туралы Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде екі тараптың толық атысты тоқтату туралы келісімге келгенін жазды.
«Израиль мен Иран атысты толық және түбегейлі тоқтату туралы келісімге келді (қазірден бастап алдағы 6 сағат ішінде өздерінің соңғы әскери миссияларын аяқтап, шегінеді!). Осыдан кейінгі 12 сағатта соғыс ресми түрде аяқталады!», – деп жазды Трамп.
Трамптың айтуынша, Иран атысты тоқтату режимін бірінші болып бастайды, ал 12 сағат өткеннен кейін Израиль де оған қосылады. 24 сағат ішінде әлем 12 күнге созылған соғыстың ресми аяқталғанын...