Мәулен Әшімбаев машина жасау саласындағы сын-қатерлер мен перспективаларға арналған дөңгелек үстелге қатысты. Ол саланың осал тұстарына тоқталып, қалпына келтіру бойынша бірқатар шараны ұсынды.
Сенат Төрағасы Қарағанды облысы қуатты индустриялық базаның және металлургия саласымен тығыз интеграцияның арқасында еліміздегі машина жасау кешенінде көшбасшы орынға ие екенін атап өтті. Ол соған қарамастан, бірқатар өзекті мәселелер де бар екенін тілге тиек етті. Бұл қатарда импортқа тәуелділік, кадр тапшылығы, техникалық және цифрлық олқылықтар сияқты түйткілдер бар.
«Бүгінде елімізде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен машина жасау саласы белсенді дамып келеді. Осыған байланысты қазір бірқатар мәселені шешу маңызды. Олардың ең маңыздыларының бірі – қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз...