Иранда қазір Қазақстанның 47 азаматы бар. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев айтты.
Сөзінше, Израильде – 163, Қатарда 3 мыңнан астам, БАӘ-де 4 мыңнан астам, Сауд Арабиясында 1 800-дей қазақстандық бар. Қазірге дейін қазақстандықтардың зардап шеккені не қайтыс болғаны туралы ақпарат түспеген. Таяу Шығыстағы қазақстандықтарға көмектесу үшін арнайы штаб құрылды.
«Оманнан бүгін-ертең елімізге 500-ден астам қазақстандық оралады. Джидда – Атырау, Джидда – Ақтау эвакуациялық рейсі жоспарланған. Олармен 326 азамат елге қайтарылады деп жоспарланған. Әуе рейстерінен бөлек қазақстандықтарды жер үсті жолдары арқылы да жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Тегеран, Ашхабад, Горган (Ирандағы қала...