Геннадий Головкин – GGG (Triple G) деген лақап атымен кеңінен танымал қазақстандық боксшы. Былғары қолғап шебері бағындырған белес аз емес, Олимпиада жүлдегері және WBA, WBC, IBF, IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы.
Ол дивизион тарихындағы ең нәтижелі нокаутерлердің бірі атанып, чемпиондық белбеулерін қорғау бойынша рекорд орнатып, әлемдік бокста өзін мойындата білген үздік спортшыларының бірі.
Балалық шағы
Геннадий Геннадьевич Головкин 1982 жылдың 8 сәуірінде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Әкесі Геннадий Иванович Головкин – шахтада жұмыс істеген қарапайым жұмысшы. Анасы Елизавета Савельевна – химиялық зертханада зертханашы болып қызмет еткен. Әкесінің ұлты орыс, анасы кәріс, десе де боксшы...