Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев қазіргі уақытта Иранда қанша Қазақстан азаматы барын айтты.
Вице-министрдің мәлімдеуінше ешбір қазақстандық зардап шекпеген, барлығы дін-аман.
«Жалпы ең алдымен өз азаматтарымызды, дипломаттарымызды және олардың отбасы мүшелерін Қазақстанға қайтару мәселесі тұр. Бізде бар ақпарат бойынша Иранда 70-ке жуық адам бар. Олардың ішінде төрт студент бар, дипломаттарымыз бар», – деп түсіндірді вице-министр.
Иранда қалып отырған қазақстандықтардың көбі вахталық әдіспен жұмыс істеп жүргендер.
Әлібек Бақаевтың айтуынша, олардың елге қайтуы орналасқан жеріне байланысты ұйымдастырылады. Егер азаматтар Горган маңында болса, олар Түрікменстан арқылы шығарылады. Ал Иранның өзге өңірлерінде жүрген азаматтар Армения немесе...