Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдар әлемдік энергия тасымалдары жеткізілімінде қиындықтар туындатуы мүмкін деген алаңдаушылық туғызып отыр. Осының салдарынан Еуропада табиғи газ бағасы күрт өсті. Трейдерлер Ормұз бұғазы арқылы кеме қатынасының қанша уақытқа тоқтатылатынын мұқият бақылауда, деп хабарлайды Bloomberg.
Таңғы саудада көгілдір отынның эталондық фьючерстерінің құны 28%-ға дейін өсті. Бұл 2023 жылдың тамыз айынан бергі ең жоғары динамика болды. Демалыс күндері танкерлердің басым бөлігі осы бағыт арқылы логистиканы тоқтатты. Ормұз бұғазы – әлемдік сұйытылған табиғи газ экспортының шамамен бестен бірі тасымалданатын маңызды бағыт. Таяу Шығыстағы шиеленістен соң жаһандық мұнай және газ бағасы да айтарлықтай құбыла түскені де сондықтан.
Bloomberg сарапшыларының пайымынша...