Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс пен Ормуз бұғазының тағдыры мұнай бағасын 110 долларға дейін шарықтатуы мүмкін. Қазақстан сарапшылары аймақтың «географиялық тұтқыннан» құтылу мүмкіндігі мен жақын арада күтіп тұрған экономикалық қатерлерді таразыға салды.
Иран – үлкен нарық
Қазақстан экономистері бұл жағдайға екі қырынан қарайды: бірі –Иран санкциядан құтылса, ашылатын зор мүмкіндіктер, екіншісі – қақтығыстың тереңдеуінен келетін жаһандық қауіп-қатер.
Иран төңірегіндегі санкциялық режимнің ықтимал өзгеруі Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие. Экономист Алмас Чукиннің пайымдауынша, Иран – географиялық тұрғыдан Орталық Азияның, соның ішінде «екі жағы тұйық» Өзбекстан мен Қазақстанның әлемдік мұхитқа шығатын басты «терезесі».
Түрікменстан шекарасынан...