Блогер Митя Байзаров Instagram-да Қазақстандағы ең үлкен қонақүй туралы баяндады. Төрт жұлдызды King Hotel Astana елорданың оң жағалауында орналасқан. Оны кезінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ашқан.
23 қабаттан тұратын қонақүй ғимаратында 475 нөмір бар. Блогердің есептеуінше, күнді бір нөмір ауыстырсаң, бәріне түнеп шығу үшін бір жарым жыл уақыт кетеді. 2009 жылы ашылған уақытта Астанадағы ең үлкен ғимараттардың бірі болған. Билік Алматыдан елордаға көшкен кезде бой көтерген қонақүйдің даңқы қазір ұмытылып бара жатыр. Бірақ оның рекордын елдегі ешбір қонақүй қайталай алмады.
Байназаров мұндағы тамақтың дәмді, елордадағы бағамен салыстырғанда, нөмір жалдау ақысы арзан екенін айтып отыр. Мәселен, Booking.com сайтының мәліметінше, қарашада екі орынды...