Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ата-аналарды екпеден қорықпауға шақырды.
Министр ана ретінде де, дәрігер ретінде де әрбір ата-ана үшін ең басты құндылық – баласының қауіпсіздігі екенін жақсы білетінін жеткізді. Сөзінше, бүгінде елде қызылша ауруының өсуі тіркеліп жатыр. Бұл «қарапайым балалар инфекциясы» емес. Қызылша – асқынуы ауыр болуы мүмкін қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Ол пневмонияға, нерв жүйесінің зақымдануына және басқа да күрделі салдарға әкелуі мүмкін.
«Денсаулық сақтау министрлігінің тарапынан бірқатар шаралар қабылданды: 6–10 айлық балаларға қосымша иммундау басталды, екпені өткізіп алған балаларды вакцинациялау ұйымдастырылды, профилактикалық жұмыс күшейтілді. Қазір сырқаттанушылықтың өсу қарқынының төмендеуі байқалады, дегенмен жағдай баршамыздың орта...