Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюіне байланысты Қазақстанның Катардағы елшілігі сол елде жүрген азаматтарға үндеу жасады.
Елшілік қазақстандықтарды сабыр сақтауға және жоғары қырағылық танытуға шақырды.
«Қазіргі уақытта Катардың ресми органдары халық үшін төтенше шаралар енгізілгені туралы жариялаған жоқ. Елдегі жағдай тұрақты және құзыретті органдардың бақылауында», – делінген хабарламада.
Қандай кеңес берілді
Елшілік жеке қауіпсіздік мақсатында төмендегі кеңестерді ұсынады:
• адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу;
• жеке қауіпсіздік шараларын сақтау және жоғары қырағылық таныту;
• жергілікті билік органдары мен ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын мұқият қадағалау;
• сақтық шарасы ретінде ауыз су, азық-түлік және қажетті дәрі-дәрмектің жеткілікті қорын алдын ала қамтамасыз...