Алматы маңындағы AMMKZ зауытында құрастырыла бастаған Chery Arrizo 6 седаны Қазақстан нарығында сатыла бастайды, Бағасы 8,5 млн теңгеден басталады. Бұл туралы «Қытай автокөліктері» порталы хабарлады.
Бұған дейін модельге типтік мақұлдау куәлігі (ОТТС) берілген болатын, ал ресми таныстырылымы 2025 жылдың күзінде өтеді деп күтілуде. Бір қызығы, жаңартылған экспорттық нұсқасы ең алғаш Қытайда емес, Қазақстанда көрсетілмек.
Модельдің ерекшеліктері
Chery Arrizo 6 — шетелде кеңінен танылған седан, ол Arrizo 5 Plus (Omoda S5) моделінің негізінде жасалған. 2025 жылдың күзінде экспортқа бағытталған нұсқасы жаңартылып, үлкен радиатор торы, жаңа фаралар мен қайта жасалған алдыңғы бампер қосылды. Қазақстанда сатылымға дәл осы жаңартылған...