Шымкентте 7 жастағы оқушы қызға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікпен мұғалім ұсталды. Бейресми мәліметке қарағанда, оқиға кеше жекеменшік мектептердің бірінде сабақ уақытында болған.
Үйіне көңілсіз келген қызы анасына 36 жастағы мұғалім тізесіне отырғызып, қарсыласқанына қарамастан денесіне қол жүгіртіп, әдепсіз әрекеттер жасағанын айтып берген. Ата-анасы мән-жайды анықтауға тырысқанда, мектеп әкімшілігі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды көрсетуден бас тартқан. Нәтижесінде жанжал шыққан.
Оқиға орнына полиция шақырылған. Бейнежазбаны көрген кезде оқушының айтқаны расталған. Бүгін полиция аталған жайтқа байланысты тергеу басталғанын хабарлады.
«Қазіргі таңда жедел-тергеу тобы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған кешенд...