Алматы әкімдігі мемлекеттік жобаларды салу мерзімдерін бұзғаны үшін «СК 7 Строй» мен «AsiaMax» компанияларын лицензиядан айырды. Тағы бір MEGARON СК компаниясына қатысты тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«Конкурста жеңіске жеткен кейбір мердігерлер қала тұрғындары алдындағы жауапкершіліктерін толық түсінбейді. Осындай компаниялардың әсерінен мектептерді, балабақшаларды және денсаулық сақтау объектілерін іске қосу мерзімі бұзылады. Мұндай жағдай қайталанбауы үшін біз қатаң шаралар қабылдаймыз», – деді қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов ОКҚ брифингінде.
Сонымен қатар «Құрылыс-ТБС» құрылыс лицензиясының тағы бір түрінен айырылды. «Алатау сапа құрылыс» компаниясынан техникалық қадағалау жүргізуге аккредитация алынды.
Ашық көздерден алынған мәліметтерге сәйкес, «СК 7 Строй...