Айгүл Иманбаева Мөлдір Мұқанованың жаңа фильмінің жабық көрсетілімінде шашылған шашу – кәмпиттерден қалай таяқ жегін көрсетті.
Мөлдір Мұқанова мен оның қасында отырған Жұлдыз Әбдікәрімова және басқа да жұлдыздар құдды бір аспаннан жауған бомбадан қорғанғандай күй кешті.
Кадрдан жұлдыздардың «ойбай, ақырын» деген жан дауысы шығып жатқаны естіледі. Жұлдыз Әбдікәрімованың түрі бұзылып, «керегі жоқ» деп, кәмпиттерді лақтырмауын өтініп, қолын бұлғап жатты.
Бір кезде Айгүл Иманбаеваның өңі қашып кетті. Өйткені, бір кәмпит келіп, басына қатты тиген. «Тақ еткізгені несі?» деп ауырсынып, шамданғанын жасыра алмады. Шекесін қайта-қайта сипап, ауырған жерін басуға тырысты.
Айгүл Иманбаева жабық көрсетілімге жақсы көңіл-күймен келген еді. Мөлдір Мұқановаға және оны...