Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Мәскеуге барып, Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің үкімет басшыларының отырысына қатысты. Сол жиында ШЫҰ Даму банкін құруды ұсынды.
Бектенов ШЫҰ Даму банкін өнеркәсіп кооперациясы шеңберінде құруды және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тетігін енгізуді ұсынды. Жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалануға болады.
Одан бөлек жиында көлік-транзиттік ынтымақтастықты дамыту жайлы айтты. Қазір Қазақстан Еуразияның негізгі хабтарының бірі ретінде теміржол, автожол, авиация және порт инфрақұрылымын жаңғырту арқылы транзиттік қуатын арттырып жатыр. Еліміздің үстімен 5 теміржол дәлізі өтеді. Жалпы, соңғы 5 жылда Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 2 есеге жуық артып, өткен...