Әнші, әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жары Бақыт Тұрман қасиетті Ораза айы басталғалы бері бір сұрақтың мазалайтынын айтты.
Ол ораза ұстамаса да, айналасындағылардың ауызашарға шақырып жатқанын айтты.
«Ораза басталғалы менде мынадай сұрақ туындайды. Мұның шешімін өздігімше ойлаймын. Бірақ бір ортада соны әңгіме етпеппін. Оразада адамдар ауызашар жасайды. Мен ауыз бекітпеймін, бірақ мені ауызашарға шақырады. Мен баруым керек пе, жоқ па?», – деп сауал тастады әнші.
Оның айтуынша, таныстары шақыру қағазын жіберіп шақырады. Бірақ Бақыт Тұрман баруға ұялады.
«Өйткені менің ауызым берік емес. Ол жерге неге барамын? Бір жағынан бірге болыңыз деп айтады...