Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Петровка ауылының маңында Алаштың аса көрнекті қайраткері, жазушы-журналист, ұлт ұранының авторы Міржақып Дулатұлының құрметіне қойылған мемориалдық кешенді белгісіз біреулер бүлдіріп кеткен.
Мемориалдық кешеннің бүлінген суреттерін әлеуметтік желідегі парақшасында әдебиет тарихшысы, сыншы, алаштанушы Заңғар Кәрімхан бөлісті.
25 қараша – Міржақып Дулатұлының туған күні. Ақынның туғанына 140 жыл толып отыр. 1917 жылғы ІІ жалпы қазақ-қырғыз құрылтайы жиынынан соң, елді бүліншіліктен қорғау үшін жер-жерде әскерге жігіт жинау ісі басталған. Міржақып Дулатұлы жанында атақты заңгер Айдархан Тұрлыбайұлы бар екеуі Қызылжар маңындағы Аққұсақ деген жерде (Әлти қажы Барлыбай баласының қонысы) төтенше жиын ашады. 1918 жылғы шілдеде өткен бұл...