Қазақстанның солтүстігінде және орталығында жауын-шашын болады. Ал оңтүстік пен батыста +20 градусқа дейін күн жылынады. «Қазгидромет» 18 ақпанға ауа райы болжамын ұсынды.
Астанада көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 15-20 м/с., түнде ауа температурасы -1…-3°C, күндіз 0…+2°C. Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с., түнде температура +2…+4°C, күндіз + 14…+16°C. Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы +6…+8°C, күндіз + 18…+20°C. Ақтауда бұлтты, жаңбыр, жел 7-12 м/с., түнде ауа температурасы +4…+ 6°C, күндіз + 8…+10°C. Ақтөбеде көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 5-10 м/с., ауа температурасы түнде және күндіз -1…-3°C. Атырауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 6-11 м/с...Жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші полицейлерді алдауға тырысып, оларға бауырының ЖСН-ін атады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпаратқа сүйенсек, жедел басқару орталығының қызметкерлері Volkswagen Touareg жүргізушіні бағдаршам маңында тоқтатқан. Патрульдік полицейлер рульде 32 жастағы ер адам тұрғанын анықтады.
«Ол жүргізуші куәлігі мен барлық қажетті құжаттары бар деп сендірді. Алайда одан әрі тексеру барысында ол бауырының жеке сәйкестендіру нөмірін атай отырып, өзінің жеке басы туралы жалған ақпарат бергені анықталды. Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші есірткіге мас болған», – делінген хабарламада.
Бұрын ер адам жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, көлікт...
Қатты тұман салдарынан Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектеулер енгізіліп, автокөліктің барлық түріне жол жабылды, деп хабарлайды ТЖМ.
Қандай учаскелерде шектеулер енгізілді:
Ақмола облысы:
Қостанай облысының шекарасы – СҚО шекарасы; Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы; Көкшетау қаласы – Атбасар қаласы; Щучинск қаласы – Зеренді ауылы; Щучинск қаласы – Көкшетау қаласы; Қостанай облысының шекарасы – Сұрған кенті; Ақсай кенті – Бұзылық кенті.Қостанай облысы:
Ұзынкөл кенті – СҚОшекарасы; Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы; Сарыкөл кенті – СҚО шекарасы; Әулиекөл ауылы – Ақмола облысының шекарасы.Солтүстік Қазақстан облысы:
Ақмола облысының шекарасы – РФ шекарасы; Ақмола...Түркістанда әйелін байлап, күштеп психикалық денсаулық орталығына жатқызып тастаған күйеуі мен оның достарына үкім шықты. Сот айыпталушылардың бірін – 9 жылға, екеуін 8 жылға бас бостандығынан айырды. Жәбірленушіге моралдық зиян ретінде 11 млн теңге өтемақы беруге міндеттеді.
17 ақпанда Түркістан қаласының ауданаралық соты отбасындағы жанжалдан кейін әйелін Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығына жатқызып тастаған күйеуі мен оның екі досына қатысты үкім оқыды. Сот айыпталушылардың барлығын «Адам ұрлау» бабы, «Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру» бабымен кінәлі деп танылды. Бұған қоса, жәбірленушінің күйеуін «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабымен жазалады.
Сөйтіп судья Санжар...
Қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Италияда өтіп жатқан Олимпиаданың іріктеу сынынан сүрінбей өткеннен кейін желі жұлдызына айналды. Оның осы кезеңдегі өнерін 4 миллионға жуық адам тамашалады.
Халықаралық Олимпиада комитеті желідегі парақшасына Әжіғалиевтің іріктеу сынындағы видеосын жариялап, оны қазірге дейін 3,9 миллион адам көріп үлгерді.
«Мәссаған! Осындай фото финишті көрдіңіз бе? Абзал Әжіғалиев шыр айналған Пьетро Сигелді айналып өтіп, бірінші келді», – деп жазылған Халықаралық Олимпиада комитетінің видеосында.
2025 жылы Алматыдағы пәтерлердің бағасы өсті. Бостандық ауданында 1 бөлмелі бөлмелер 60%-дан астам: орташа бағасы 26 млн теңгеге дейін қымбаттады. Ал Жетісу ауданында екі бөлмелі пәтер бағасы 82%-ға, 38,6 млн теңгеге дейін өсті. Ақпарат OLX Қазақстанның 2026 жылғы қаңтарға 2025 жылғы қаңтарға дейінгі нарықты талдауынан белгілі болды.
Медеу ауданы
Медеу ауданы бұрынғыша қаладағы ең қымбат, бірақ әралуан бағалы аудан болып отыр. Көбіне үш бөлмелі пәтер бағасы көтерілген. Өткен жылға қарағанда 2026 жылғы қаңтарда 3 бөлмелі пәтердің орташа бағасы 77%-ға , 42,4 млн теңгеден 75,2 млн теңгеге дейін өсті.
Медеу ауданындағы бір бөлмелі пәтерлер небәрі 3%-ға – орташа есеппен...
Отбасы банк тұрғын үй жинақ салымы бойынша Мемлекеттік сыйақының жартысын, яғни 50%-ын Отбасы банк бюджеттен емес, өз табысынан алуға тиіс. Бұл туралы «Бәйтерек» Ұлттық холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин айтты. Оның пікірінше, бұл бюджетке түсетін жүктемені азайтуы керек.
Осыған ұқсас схема тұрғын үй құрылыс жинағы (ТҚЖ) жүйесі бойынша жұмыс істеуге шешім қабылдайтын қарапайым банктер үшін де ұсынылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылы Қазақстанда «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң қабылданды. Заң барлық банкке Отбасы банк секілді ТҚЖ жүйесі бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Яғни табысы төмендетілген, бірақ жеңілдікті ипотека алу мүмкіндігі бар тұрғын үй салымдарын ұсынуға мүмкіндік берді.
Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 490,7 теңгеге дейін төмендеді (бір күнде -1,86 теңге).
Сауда-саттық барысында бір доллар үшін ең төменгі баға 17 ақпанда 488,55 теңгені, ең жоғары баға – 491,62 теңгені құрады, ал орташа алынған бағам 490,04 теңге деңгейінде қалыптасты. Сауда-саттық көлемі де едәуір үлкен болды – 355,3 млн доллар, бұл бір күн бұрынғыға қарағанда 137,6 млн долларға артық.
Салыстыру үшін, Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа өлшенген бағамы 16 ақпанда сағат 17:00-де 491,90 теңгені құрады.
Айта кетейік, сарапшылар теңгенің тым қатты әлсіреуіне жол бермейтін факторларды да атап өтті. Бұл – Ұлттық банктің қатаң ақша-кредит...
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров тарихи жеңісінен кейін еліне деген мақтаныш сезімі кернегені сонша, екі күн бойы дұрыс ұйықтай алмағанын мәлімдеді. Мәнерлеп сырғанаушының сұхбаты Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтында жарияланды.
Әлемдегі ең бақытты адам
Шайдоров Миландағы мұз айдынында жеңіп алған алтын медальді бүкіл Қазақстан халқына арнады.
«Әлі де сене алар емеспін. Маусым бойы өз-өзіммен күрестім. Бұл маусым мен үшін аса ауыр болды. Жарыстарда бес бірдей төрттік секіруді бір бағдарламада орындауға талай рет тырыстым, бірақ ешқашан сәтті шықпаған еді. Ал Олимпиадада бәрі сәтті орындалды», – дейді таңғалысын жасыра алмаған атлет.
Михаил қола жүлдеге іліккенін түсінген...
Қазақстанда онлайн курс сатып, пайда табатын блогерлерден енді диплом талап етіледі. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің сенаторларға берген жауабында жазылған.
Бектеновтің сөзінше, ақпарат саласында киберқауіпсіздікті күшейту бағытында Әкімшілік кодекске онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары әзірленген. Аталған заң жобаларына бірқатар жаңа нормалар енгізілген.
Атап айтқанда, ел аумағында онлайн-платформа өкілдігінің онлайн-платформада құқыққа қайшы контентті жою жөніндегі уәкілетті органның нұсқамаларын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізіледі.
«Белгілі бір салада білім беру курстарын және (немесе) оқыту материалдарын қамтитын контентті тарататын онлайн-платформа пайдаланушыларына мұндай контентті тиісті білімі бар екендігі туралы хабарламамен...
Өзбекстандық UzAuto автоконцерні жеңіл коммерциялық Chevrolet Damas көлігінің екінші буынын ресми түрде сатылымға шығарды. Жаңа модель жергілікті нарықта жүргізушілердің сенімін ақтаған алдыңғы нұсқаның орнын басады.
Толық металды кузовы бар Damas Max фургоны екі түрлі жинақта ұсынылады, ал жолаушыларға арналған Damas Move минивэні төрт түрлі нұсқада болады.
Бағасы 134 439 000-нан басталып 154 128 000 өзбек сумына дейін( 5,4 млн-6,2 млн теңге) жетеді.
Ескі модель әлі де өндірісте қалып отыр. Оның бағасы 93 156 000-нан 96 449 000 сумға дейін (шамамен 3,7–3,8 млн теңге).
Damas Max – бизнес пен жеткізуге арналған
Chevrolet Damas Max шағын бизнес пен қала...
Әйгілі «Слово пацана. Кровь на асфальте» сериалының екінші маусымы басталуы мүмкін. Картинаның режиссері Жора Крыжовников әлеуметтік желідегі жазбасымен осындай ой тастады.
Ол инстаграмдағы парақшасына қызыл түспен «2» деген санның суретін салып, бірінші маусымға түскен актерлерді белгілеген. Олардың қатарында Леон Кемстач, Рузил Минекаев, Слава Копейкин, Лев Зұлқарнаев, Елизавета Базыкина және Сергей Бурунов тәрізді әртістер бар.
Ресми түрде екінші маусымы болады деген хабарлама болған жоқ, бірақ режиссердің жазбасына қарап оқырмандар жалғасы шығады деп топшылаған.
«Слово пацана» – криминалдық драма жанрында түсірілген ресейлік сериал. 1980 жылдардың соңындағы Қазан жастарының қылмыстық тобы жайлы баяндайды. Тек Ресей ғана емес ТМД...
Қазақ атлеттері қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап жүрсе, Ұлттық банк «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» күміс монеталарын айналымға шығарады.
Шорт-трекшілер құрметіне
Коллекциялық монета 925 сынамалы күмістен дайындалған. Массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 2 мың дана.
Қазақстан теңге сарайында дайындалған монеталар 2026 жылғы 18 ақпаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.
Монета аверсінде шорт-трекшілер бейнеленген. Шорт-трек – конькимен жүгіру спортының олимпиадалық түрі. Ол 1992 жылдан бері қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасында бар.
Байқоңыр құрметіне
Сонымен бірге, Ұлттық банк «БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ» монетасын шығарды. Ол толықтай танталдан дайындалған...
Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы әйелге қатысты қылмыстық іс қаралған. Сот үкімімен әйелдің бас бостандығы шектелді.
Қызылорда қаласының №2 сотының мәліметінше, сотталушы жәбірленушінің дәрігерлік амбулаториялық кабинетінде науқас қабылдап отырғанда кіріп келіп, жанжал шығарған.
«Өз кезегінде жәбірленуші кезекпен кіруді талап еткен уақытта, сотталушы оның жағасынан ұстап, жұдырығымен соққы жасап, денсаулығына жеңіл зиян келтірген», – делінген хабарламада.
Сотталушы Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылды. Оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Айта кетейік, Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жаза күшейгенін хабарлағанбыз. Тоқаев «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар...
Енді дайын құжаттарды алу үшін жұмыстан сұранудың қажеті жоқ. Елдегі ХҚКО-ларда тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейтін автоматтандырылған постаматтар орнатылды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.
Дайын құжаттарды кез келген ыңғайлы уақытта және кез келген күні алуға болады.
Қандай құжаттарды алуға болады
Постамат арқылы 19 түрлі құжат беріледі. Олардың қатарында:
неке қию және ажырасу туралы куәліктер; қайтыс болу туралы куәліктер; архивтік анықтамалар; туу туралы куәліктің қайталама нұсқалары; аттестаттар мен дипломдардың телнұсқалары және басқа да құжаттар бар.Алдағы уақытта бұл тізім кеңейтіледі.
Қалай жұмыс істейді?
Мемлекеттік қызметке өтініш берген кезде дайын құжатты алу тәсілі ретінде постаматты...
Елде кейінгі жылдары қызылша вирусына қарсы иммунитеті қалыптаспаған адам саны көбейген. Мұны Алматының №1 перзентхананың дәрігер-эпидемиологы Мадина Туашева айтты. Маманның сөзінше, қызылша жұқтыратындардың 92%-ы – 14 жасқа толмаған балалар.
Қызылша ең алдымен төрт жасқа толмаған балалар үшін аса қауіпті. Қазірге дейін қызылша жұқтырғандардың 75%-ы осы тапқа жатады.
Қазір ел бойынша жоспардан тыс иммундау шаралары жүргізіліп жатыр. Ерте жастағы балаларға ерекше көңіл бөлінген. Дәрігерлер 6-11 айлық балаға «нөлдік дозаны» ұсынады.
«Бұл бір жаста жасалатын жоспарлы екпеге дейінгі ең қауіпті кезеңде баланы қорғауға мүмкіндік береді. 18 жасқа дейінгі балалар мен медицина қызметкерлерінің вакцинация деректері қайта қаралып...
Қазақстанның сыртқы сауда жағдаяты 2025 жылы күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы кезеңді бастан өткерді. Бір жағынан, жалпы тауар айналымының номиналды өсімі байқалса, екінші жағынан, экспорттық түсімнің азаюы мен импорттың агрессивті өсуі байқалады. Бұл үрдістер ел экономикасының құрылымдық өзгерістерге мұқтаж екенін тағы бір мәрте дәлелдеп берді.
Жалпы жағдаят: сауданың номиналды өсімі мен нақты сын-қатерлер
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 143 888,2 млн АҚШ долларын құрап, 2024 жылмен салыстырғанда номиналды мәнде 1,3%-ға өсті. Бұл көрсеткіш сыртқы экономикалық байланыстардың тұрақтылығын көрсеткенімен, ішкі құрылымдағы теңгерімсіздік алаңдаушылық тудырады.
Жалпы айналымның ішінде экспорт 79 041,2 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда номиналды...
Алматыда жер сілкінісіне байланысты психологтар көмегіне жүгінуге болатын «сенім телефоны» ашылды.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Тіркелген жер сілкінісіне байланысты ТЖМ психологтарының қатысуымен «сенім телефоны» ашылды», – делінген министрліктің ақпаратында.
Онда Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығының нөмірі ( 8(7172) 704119) көрсетілген. Алматы облысы бойынша тұрғындар 8(727) 7226097 нөміріне хабарласа алады.
Айта кететін жайт, 17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:08-де жер сілкінді. Алматы қаласының тұрғындарына сезіліп, көшеге шыға бастады. Дүмпу ошағы Есік қаласына жақын орналасқан. Ұлттық деректер орталығы жер сілкінісі магнитудасын 5 балл деп бағалаған.
Қазақстандықтар қолма-қол ақшадан бас тартып, жаппай картамен төлеуге көшкен. 2025 жылы қолма-қол ақшасыз жасалған сауда-саттық көлемі 186 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш елдегі бір жылда өндірілген барлық тауар мен қызметтің құнынан екі есе артық.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының шолуына сәйкес, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нарығы қарқынды өсу сатысынан тұрақты даму кезеңіне аяқ басқан. Транзакциялардың көлемі артқанымен, олардың жалпы нарықтағы үлесінің өсімі бәсеңдеген.
Нарықтың негізгі көрсеткіштері қандай
2025 жылдың қорытындысы бойынша, қолма-қол ақшасыз жасалған транзакциялар көлемі 186 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп және еліміздің жалпы ішкі өнімінен (ІЖӨ) екі есе(187%) асып түседі.
Бұл...
Ресейлік автокөлік өндіруші Ульянов автокөлік зауыты (УАЗ) көлік экспортын едәуір кеңейтуді жоспарлап отыр.
Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, қазірдің өзінде автокөліктерді шет мемлекеттерге жеткізу бойынша белсенді келіссөздер жүргізілуде.
«Экспорт географиясын Латын Америкасы, Азия, Африка және Таяу Шығыс елдеріне кеңейту жоспары тұр», – делінген хабарламада.
2025 жылы УАЗ 1 159 автокөлікті Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан, Моңғолия, Куба, Гондурас және Мысырға экспорттаған.
Айта кетейік, Қазақстанда УАЗ автокөліктерінің ресми дистрибьюторы – Вираж компаниясы. Ішкі нарықта «УАЗ СГР» және «УАЗ Профи» модельдері ұсынылған.
Осыған дейін Ульянов автозауыты УАЗ «Хантер» жол талғамайтын көлігіне көлік құралының типін мақұлдау туралы құжатын (ОТТС...
18 ақпанға қараған түні Чемпиондар лигасы аясында лиссабондық «Бенфика» өз алаңында мадридтік «Реал» командасын қабылдайды.
Лиссабон клубы топтық кезеңді 9 ұпаймен 24-орында аяқтаған. Соңғы турда дәл осы мадридтік клубпен кездесіп, 4:2 есебімен жеңіске жеткен. Сол ойында шешуші голды «Бенфиканың» қақпашысы салған еді.
Ал мадридтік клуб жалпы кезең қорытындысында 9-орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алған. Енді қос команда турнирдің шешуші кезеңінде қайта кездесіп, келесі айналымға шығу үшін таласады.
Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 01:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін ыстанбұлдық «Галатасарай» мен «Ювентус» ойынын қайдан көруге болатынын жазған едік.
Таяу күндері Шымкентте автобус жүргізушісі мен жеңіл көлік иесі ерегісіп, бірінің көлігін бірі сүйреген. Енді көп өтпей өзге жүргізушілердің сөзге келіп қалған видеосы тарап кетті. Бұл видеодан да жүргізушілердің жанжалдасқаны байқалады. Оқиға №42 бағыттағы жүргізушінің қатысуымен болған.
Әзірге дау неден, қалай туғаны белгісіз. Ал куәлардың сөзінше, екеуі жолға таласқан. Жеңіл көлік жүргізушісі автобус жүргізушісін ұрған. Тартыс кезінде кей жолаушылар оларды ажыратып, қалғаны автобустың ішінде күтіп отырған. Оқиғаға қатысты полиция әкімшілік іс қозғаған.
«Аталған жайт бойынша оқиға қатысушылары анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Құқық бұзушылар қоғамдық тәртіпті бұзғаны және жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке...
Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 2025 жылдың қорытындысын жариялады. Мекеме былтыр 11 мыңнан астам әкімшілік іс қозғап, 1,2 млрд теңге өндіріп алған.
Тексеру нәтижесі
«Жаңа тәсілдер енгізгенін» мәлімдеген аудит комитеті 2025 жылы 1 359 іс-шара жүргізгенін, тексеру 2024 жылмен салыстырғанда 22%-ға аз екенін мәлімдеді. Ресми мәліметке сенсек, қаржы тәртібін бұзу 36%-ға ұлғайып, 462,4 млрд теңгеге жеткен. Мекеме «бір тексерудің өнімділігі үш есеге ұлғайды» деп отыр.
«Бұл ретте 418,4 млрд теңге қалпына келтіріліп, бюджетке қайтарылғанын айта кетейік. Бюджет пайдасына шамамен 1,2 млрд теңге өндіріп алынып, 11 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды», – деп таратты комитет.
Бұған қоса, құқық қорғау органдарына сомасы 25,7 млрд теңге болатын аудит материалдары жіберіліп, соған...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.
Қазақстан Президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасының оң динамикасына тоқталып, оған тұрақты саяси диалог, екі ел үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді ықпалдастық септігін тигізіп отырғанын атап өтті.
«Бауырлас елдердің көшбасшылары сауда-экономика, көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды түрде дамып келе жатқанына назар аударды», – делінген Ақорданың ақпаратында.
Президенттер достық, стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы мемлекетаралық байланыстарды одан әрі кеңейтуге бейіл екенін растаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа елімізде Конституциялық реформа жүргізіліп жатқанын айтты. Қырғызстан Президенті Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді. Мемлекеттер басшылары өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөнінде...