Президент Қасым-Жомарт Тоқаев электронды парламент (e-Parlament) алдағы уақытта мемлекеттік жүйенің маңызды бөлігіне айналуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде бірқатар елде азаматтардың саяси өмірге қатысуының және заң шығару процесінің тиімділігін арттырудың жаңа формалары сынақтан өтуде.
«Келешекте бұл үрдіс күшейе түспек. Сондықтан біз де осы бағытқа саналы түрде күш саламыз. Алдағы уақытта e-Parlament қазіргі электрондық үкімет – e-Gov сияқты сұранысқа ие құралға айналуы мүмкін», – деді Тоқаев Парламенттік реформалар жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысында.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, бір палаталы парламентке көшу жаңа технологияларға бейімделуге және шешім қабылдау үдерісін жеделдетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Сол...