Honda компаниясы АҚШ-та 2016–2021 жылдары шығарылған Civic маркалы шамамен 406 мың көлікті ерікті түрде кері қайтарып жатыр. Бұл туралы автоконцерннің ресми сайтында хабарланды.
Компанияның түсіндіруінше, көлікті кері қайтаруға өндірістегі ақау себеп болған. Алюминийден жасалған 3276 дөңгелек дискіде болттар бекітілетін жерлерге орнатылуға тиіс болат шеге болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда дөңгелек орны майысып, бекіткіштер босап, қозғалыс кезінде доңғалақ ажырап кетуі ықтимал.
Honda көлік иелеріне ресми дилерлік орталықтарға барып, көліктерін тегін тексеруден өткізуге кеңес берді. Компанияның мәліметі бойынша, 7 қарашаға дейін бұл ақаудан жол апаты тіркелмеген.
Компанияның дерегінше, аталған жүйедегі ақау 412 көлікте тіркелген.
Бұл – Honda-ның биылғы алғашқы кері шақыруы...