Белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев кенже ұлының әскер қатарына алынғанын хабарлады. Бұл жаңалықпен бизнесмен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Кенже ұлым кеше әскери ант қабылдады. Енді еліміздің де, отбасымыздың да қорғаушысы. Ол физикалық тұрғыдан жақсы дайындықтан өткендіктен, десанттық-шабуылдау бригадасына түсті. Енді Отан алдындағы борышын өтеуде, нағыз ер азамат ретінде қызмет етеді», — деп жазды Рахымбаев.
Кәсіпкердің айтуынша, ұлы жарты жыл бұрын Лондондағы King’s College London оқу орнына IT мамандығы бойынша түскен. Дегенмен отбасы арасында алдын ала келісім болған: егер оқуға байланысты сұрақтар туындаса, жеңілдіксіз, өзге жастар сияқты әскерге барады.
«Бұл...