Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер Владимир Ким мен Эдуард Огайға тиесілі Aidarly Project компаниясының құрылтайшылары ауысты. Қаржы есептілігі депозитарийіндегі ақпаратқа сәйкес, екі акционер компанияның біреуінің орнын басқа компания басқан.
Компания акционерлері қатарынан «Қазақмыс» корпорациясы шығып, орнына QAZ COPPER GROUP енген. Ал екінші құрылтайшысы – Нидерландыда тіркелген – Aidarly B.V. өзгеріссіз қалды.
Ал «Қазақмыс» корпорациясының қазіргі иесі – Qazaq Acquisition Corp. Ltd. Ал бұл компанияның құрылтайшысы – кәсіпкер Нұрлан Артықбаев.
2025 жылдың аяғында «Қазақмыс» корпорациясы Qazaq Stroy компаниясының иесіне сатылды. «Қазақмысты» Артықбаев Владимир Ким мен Эдуард Огайдан 1,2 млрд доллаға сатып алған.
Артықбаев «Қазақмысты» сатып...